ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

14:40, 9 шілде 2019

Ордабасы ауданына әкім тағайындалды. Президенті Әкімшілігінің келісімі мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Ордабасы ауданының әкімі болып Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды.

Әліпбек Шәріпбекұлы 1961 жылы 20 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданында туған, білімі жоғары, мамандығы инженер-химик-технолог. 1983 жылы Қарағанды асбест-цемент өнімдерін шығаратын зауытының машинисі ретінде еңбек жолын бастаған. Кейін келе осы кәсіпорында бірнеше лауазымды қызмет еткен. 2005-2014 жылдары Түркістан қалалық мәслихаты хатшысының міндетін уақытша атқарушы, Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Түркістан және Кентау қаласы әкімі орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған. 2014-2018 жылдар аралығында Түркістан қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен. 2018 жылдың маусым айынан бастап Түркістан қаласының әкімі лауазымында еңбек етіп келді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДОПИНГ ҚОЛДАНҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
19:47, 18 қыркүйек 2019
ДОПИНГ ҚОЛДАНҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЛТӨБЕДЕН II ҒАСЫРДЫҢ  АЛТЫНДАРЫ  ТАБЫЛДЫ
17:33, 12 қыркүйек 2019
КҮЛТӨБЕДЕН II ҒАСЫРДЫҢ АЛТЫНДАРЫ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БАҒДАРЛАМА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА
17:28, 13 қыркүйек 2019
БАҒДАРЛАМА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА
Толығырақ...