ШҰҒЫЛ! ЖАНЖАЛ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТ АЛДЫ Толығырақ

«ОРДАБАСЫ» МАУСЫМҒА ҚЫЗУ ДАЙЫНДАЛУДА

17:35, 11 ақпан 2020

Футболдан премьерлига командаларының арасындағы ел чемпионатына санаулы күндер қалды. Шымкенттің «Ордабасы» командасы Туркияның Анталия қаласында жаңа маусымға қызу дайындық жүргізуде.

«Ордабасы» командасы еліміздегі таңдаулы клубтардың қатарында көш бастап келеді. Жерлестеріміз өткен жылғы чемпионатта қола медальді иемденіп, Еуролига ойындарына қатысуға мүмкіндік алды. Сондықтанда команданың құрамын Еуропа деңгейіне көтреу үшін жан-жақты бағытта жұмыстар жүргізілуде. Команданың ең басты жетістігі биылдан бастап "Catapult" арнайы құрылғысы пайдаланылады. Мұндай жетілдірілген элоктронды құрылғы - "Астана", "Қайрат" және "Ордабасы" командаларында ғана бар. "Catapult" жүйесі - жаттықтырушылық штабқа нақты футболшының қажетті көрсеткіштерін беретін электронды технология. Ол ойын, немесе жаттығу кезінде футболшының барлық жүгіретін қашықтықтарын толық метражды есептеп шығарады. Футболшы қандай жылдамдықпен жүгірді және оның жүрек соғысы қандай қалыпты ма? Міне, футболшының ағзасы осы жүктемелерді қалай көтереді. Және басты міндеттердің бірі, жүрек қағысы төмендеу кезінде, тиісті физикалық жүктемені құрылғының көрсетуі арқылы арттыру болып табылады.Яғни футболшының алаңдағы барлық әрекеті көз алдыңызда тұрады. Жерлестеріміз бақылау матчы ретінде Ярославлдың «Шинник» командасымен кездесіп 0-2 есебімен ұтылып қалды.. Команданың бас бапкері Кахабер Цхададзе бұл ойынға команданың жастарын шығарды. Өткен жылы «Ордабасыда» жалға алынып өнер көрсеткен Май Махлангу тұрақты ойыншы ретінде келісім-шартқа тұрды. Басқа командаға ауысқан қақпашы Дмитрий Непогодовтың орнына «Қайрат» командасының қақапашысы Владимир Плотников сынақтан өтуде.Сонымен қатар шабуылшы Сергей Хижниченко бас бапкердің ойынан шығып отырғандығы мәлім болды. Командада жас ойыншылар жеткілікті бірақ оның қаншасы негізгі құрамаға алынары белгісіз . «Ордабасы» командасы ақпан айының соңына таман Турциядан оралып, өз алаңында 7 наурыз күні көкшетаудың «Ожетпесімен» кездеседі. Толық құрама осы ойынның алдында анықталады. Жерлестеріміз өз жанкүйерлерін жерге қаратпайды деген ойдамыз.

Нұрсұлтан   Әбдірашит                 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
21:59, 25 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ  ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАДЫ
21:56, 25 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАД...
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
18:47, 25 қыркүйек 2020
КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...