ШҰҒЫЛ! ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ДӘРІ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«ОРДАБАСЫ» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫН БАСТАДЫ

16:03, 15 қаңтар 2020

Футболдан премьерлига командалары арасында Шымкент қаласының намысын қорғайтын «Ордабасы» футбол клубы жаңа маусымға деген дайындық жұмыстарын бастады. Еліміздің көптеген командалары шет елдерде жаттығып жатса, «Ордабасы» дайындығын өз алаңында өткізіп жатыр.

Қысы жайлы мамыражай оңтүстікте жыл он екі ай доп тебуге қолайлы. Сондықтанда өз жерінде басталған «Ордабасы» командасының жаңа маусымға арналған алғашқы оқу-жаттығу жұмыстарына өз еліміздің футболшылары мен жергілікті ойыншылар қатысуда. Команда құрамы толықтай медициналық тексерістен өтті. Енді шет елдердегі легионерлер қосылады. Жанкүйер жақсы біледі. Өткен жылы Астана командасынан жалға алынған ұлттық құраманың төрт ойыншысы да, өз клубтарына қайтты. Олардың қатарында үздік қақпашы Непогодов пен Щеткин сынды белгілі ойыншылар бар. Өткен жылы да құрама Шымкентте алғашқы оқу-жаттығу жиынын сапалы өткізген болатын. Ондағы жұмыстардың нәтижесінде өз мектептерімізден тәрбиеленіп шыққан төрт футболшы «Ордабасы» командасының негізгі құрамында өнер көрсетті. Атап айтқанда олар, Максим Ваганов, Елхан Астанов, Әділхан Добай және Аслудин Хаджиев. Сондықтан, биылғы жылы да дайындыққа өзгеріс енгізілген жоқ. «Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе алғашқы оқу-жаттығу жиынында «Жас ойыншыларға өзін дәлелдеуге толықтай мүмкіндік бар» екендігін атап өтті.

Құрама мүшелері табиғи тұрғыда дене жаттығуларын жетілдіруге және бастысы - функционалды жүйені ретке келтіруге көп күш салуда. Яғни әр футболшы алаңдағы орнын айқындауы керек. Осы жаттығулардағы сынақтан сүрінбей өткендер міндетті түрде командаға алынады. Бұдан әрмен 23 қаңтардан Түркияда екі рет оқу-жаттығу жиыны өтеді. 24 ақпанда команда толық құрамда Шымкентке оралып, чемпионатқа дайындығын қорытындылайды. Қала басшылығы жергілікті команданың жоғары орыннан көрінуі үшін барлық жағдайлар қарастыратынын мәлім етті. Олай болса грузиялық футбол мамандары баптайтын «Ордабасы» ойыншыларына сәттілік тілейміз.

Нұрсұлтан   Әбдірашит                 

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
19:50, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
18:34, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:33, 10 тамыз 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар