ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

«ОРДАБАСЫ» СЫРТ АЛАҢДА «ҚАЙРАТТЫ» ҰТТЫ

14:40, 9 шілде 2019

Футболдан премьерлига командаларының 17-ші турдағы ойындары аяқталды. «Ордабасы» командасы Алматы қаласында «Қайратпен» кездесіп 0-1 есебімен жеңіске жетті. Соңғы минуттағы голдың авторы белгиялық Зиги Бадибанга.

Бұл ерекше матч болды. «Қайрат» қанша тырысқанымен ащы жеңілістен қашып құтыла алмады. Ойынның соңғы қосымша уақытында «Ордабасы»  гол салды. Соңғы шабуылға тойтарыс беру үшін алаң иелерінің жойқын бастамасына тосқауыл қоя білген «Ордабасы» ойыншысы Абдулай Диакате өзі бас болып бүкіл алаң бойында төрт ойыншыны алдап өтіп, айып алаңына ентелеп кіріп келе жатқан Тоқтар Жанқылышбайға  пас шығарды. Ол өзі соқпай оңтайлы тұрған Зиги Бадибангаға ұзатты. Жаңа ғана ойынға алмасып кірген белгиялық футболшы мұндай сыйлықты өз жанкүйерлеріне керемет голмен қайтарды. Есеп 0-1. Қонақтар әдемі гол салған орындаушыларды құттықтап болғанша, төреші ойынның аяқталғанын білдіріп соңғы ысқырығын жасады.

 

 ЕНДІ ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЕУРОПА ЛИГАСЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

 УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясында өтетін «Ордабасы» мен Грузияның Кутаиси қаласының  «Торпедо» командасы арасындағы кездесу 11-ші шілде күні сағат 20-00 басталады. Қазір стадион кассасында  Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясында өтетін «Ордабасы» мен «Торпедо» арасындағы кездесудің билеттері сатылымға шықты. Шымкентте өтетін УЕФА Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы кездесуде Эстониялық төрешілер тобы қызмет атқаратын болды. 
Ал, біз жанкүйерлерді  аламан матчта күтеміз! Өз командаңа жанкүйер бол! Алға, "Ордабасы"!

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АТАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
18:05, 22 тамыз 2019
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...