ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

«ОРДАБАСЫ» - «ТОРПЕДО» (КУТАИСИ, ГРУЗИЯ) 1:0

12:48, 12 шілде 2019

Шымкенттің «Ордабасы» командасы Еуропа лигасының алғашқы кездесуін Грузияның «Торпедо» командасымен өткізді.Қажымұхан атындағы орталық стадионға жиналған 18000 жанкүйердің қолдауымен жерлестеріміз 1-0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голының авторы Темірлан Ерланов.

Еліміздегі үшінші қала болып табылатын Шымкентте өз командасын қолдау үшін бұрын-соңды   мұншама жанкүйер жиналып көрген жоқ. "Ордабасы" ойынды аса сақтықпен бастады. Ал, қонақтар қорғаныс арқылы қарсы шабуылға ден қойды. Алаң иелері сапында Жоао Паулу мен Тоқтар Жанғылышбай тәжірибелі қақпашы Квасхвадзені жан-жақты тексеріп көрді. Тіпті жойқын соққымен де осал жерін таба алмады. Ойынның екінші кезеңінде бас бапкер Кахабер Цхададзе бірнеше ойыншыны алмастырды. Бас бапкердің бұл шешімі өз жемісін берді. "Торпедо" командасының бас бапкері Кахабер Чхетиани қауіптенген Зиги Бадибанга мен Алексей Щеткиннің келумен жаңа сипатқа ие болған шабуыл керемет голға айналды. Бұрыштамадан көтерілген допты  Темірлан Ерланов баспен  бағыттап есеп ашты. Осылайша өз командасына үміт артып келген орталық стадионды толтыра жайғасқан жергілікті жанкүйерге тамаша жеңіс силады. Есеп 1-0.

Бұдан кейінде қанша мүмкіндік болғанмен осы есепті өзгертудің ешбір реті келмеді. "Ордабасы" барлық жағынан басым болды. Тіпті ойын барысында эстониялық Роомер Тараев екі бірдей голды есепке алмады.Ендігі үміт 18-ші шілде күні Тбилиси қаласында өтетін қарымта матчта. "Ордабасы" командасына жарысты жалғастыру үшін тең ойынның өзі де жеткілікті. Жерлестерімізге тек жеңіс тілейміз!

Ілияс Жолдас 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...