ШҰҒЫЛ! КӨШПЕЛІ КІТАП КЕРУЕНІ Толығырақ

ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА

19:12, 24 қаңтар 2020

Шымкенттің «Ордабасы» командасы жаңа маусымға дайындығын жалғастыруда. Пример лига командаларында өңіріміздің намысын қорғайтын «Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе бастаған құрама мүшелері қазіргі таңда Туркияның Анталия қаласында кезекті оқу жаттығуын жүргізуде. Команда ендігі сәтті қызу дайындығын жүргізетін болады.

Құрама сапында  негізінен жергілікті  және шет елдік футболшылар атап айтқанда аргентиналық Пабло  Фонтанелло, бразилиялық Жоао Пауло,белгиялық Зиги Бадибанга командамен бірге дайындығын бастады. Жанкүйер жақс біледі. Өткен жылы Астана командасынан жалға алынған ұлттық құраманың төрт ойыншысы да,өз клубтарына қайтты. Қазірге құрма сапына Сергей Хижниченко сынды футболшылар келіп қосылып жатыр.Оқу жаттығу аясында «Ордабасы» командасы бірнеше кездесу өткізуі жоспарланған.  Осы кезекті оқу жаттығу аясында бірнеше футболшыларды сынап көру  де жоспарлануда. Айта кетейік, ҚР чемпионаты наурыздың 7-сі күні шымылдығын түреді. «Ордабасы» командасы алғашқы кездесуін өз алаңында Ақмола облысының орталығы  Көкшетау қаласының «Оқжетпес» командасын қабылдайды. 

Тақырып бойынша материалдар

АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
17:32, 19 ақпан 2020
АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар