ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІР - ӨРІСТІ ӨЛКЕ

12:53, 11 ақпан 2019

Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов ел алдында есеп берді. Тұрғындарға әлеуметтік дамуды айтып, экономикалық өсімнің негізін насихаттады. Қарқынды құрылыс, табысты кәсіпкерлік пен ауылшаруашылығындағы жетістікті жеткізді.

Теріскейліктердің былтырғы табысы жақсы. Қазынаға 66 млрд. теңгеге жуық қаражат түскен. Өңірлік өнім көлемі де ауқымды. Аудан экономикасына 40 млрд. 880 млн. теңгенің инвестициясы тартылды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 112 пайызға артқан. Өндірістік аудан ауыл шаруашылығында да барлық мемлекеттік бағдарламаны толығымен орындады. 30 нысанның құрылысы жүргізілді. Жиында аудан әкімі халықтың өтініш-ұсыныстарын тыңдады. Әлеуметтік мәселеге айрықша назар аударды.

Салыхан Полатов – Созақ ауданының әкімі

Ауданымызда экономикалық өсім бар. Халықтың әлеуметтік жағдайы да жақсарған. Оны өздеріңіз күнделікті тұрмыста байқап жүрсіздер.

Өткен жылы теріскейліктер ауданның 90 жылдығын атап өткен болатын. Тарихи мекенде Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының орындалу деңгейі де қарқынды. Тарихи-мәдени ескерткіштерді түгендеп, жеткіншектерге ұлттық тәрбие беруде атқарылған іс ауқымды. Жастар жылы аясында жастар орталығының құрылысы басталмақ.

Жеңісәлі Төлепбергенов – Созақ аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы

Биыл бәрімізгое белгілі жастар жылы. Осыған орай, қазір аудан әкімінің жесебінен естіп, қаунып тұрмыз. Арнайы орталық салынады екен. Бұл өте құптарлық іс.

Созақта Елбасы жолдауы негізінде әлеуметтік бастамалар қолға алынған. Өткен жылы жергілікті кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілу негізінде қарапайым жұмысшылардың жалақысы артқан. Аудан аумағында мемлекеттік бағдарламалардың орындалу деңгейі де көңіл көншітерлік.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ    

Тақырып бойынша материалдар

АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЙДЫ
22:39, 22 ақпан 2019
АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАН...
Толығырақ...
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:22, 22 ақпан 2019
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОЛ  КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН  ЧЕМПИОНАТЫ  БАСТАЛДЫ
12:43, 18 ақпан 2019
ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
17:26, 18 ақпан 2019
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  АШЫЛДЫ
20:28, 20 ақпан 2019
ТҮРКІСТАНДА «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Толығырақ...