ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ӨРТ СӨНДІРГЕН ҚҰТҚАРУШЫЛАР АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

17:38, 11 қыркүйек 2019

Күні кеше Түркістандағы «Royal Grand” қонақ үйі отқа оранған болатын. Өртті сөндіруге қатысқан бірқатар құтқарушылардың денсаулығы нашарлап ауруханаға түсті. Бүгін Түркістан облыстық төтенше жағдайлар басқармасы БАҚ өкілдерімен бірге ауруханада жатқан ТЖҚ қызметкерлердің қазіргі жағдайымен танысып шықты.

Алапат өрт кешкі сағат 18:00 шамасында тұтанған болатын. Оқиға орнына полицейлермен ТЖҚ қызметкерлері жедел жетіп, жақын маңдағы аумақты қоршауға алып, қонақ үйдің қызметкерлері мен қонақтарды эвакуациялады. Сонымен қатар полицейлер өртке оранған ғимараттан 4 жасар қызды және екі шетелдікті құтқарды. Қаза болғандар жоқ. Өртті ауыздықтау барысында Түркістан облысы ТЖҚ-нің 4 қызметкері жарақаттанып, түрлі дәрежедегі күйіктері және жарақаттарымен орталық ауруханаға жатқызылды. Олардың арасында жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан Түркістан  облысы ТЖҚ ҚБ бастығының орынбасары Бақытжан Әбдіғаппаров бар. Қазіргі таңда орын алған оқиға байланысты ҚР қылмыстық кодексінің 292 бабы «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

 Нұрғали Жүнісов - Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...