ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІ 31 ТЕХНИКАМЕН ТОЛЫҚТЫ

18:27, 16 қазан 2020

Биыл азаматтық қорғау органдарына 25 жыл. Айтулы мерекеге орай қала әкімдігі өрт сөндіру қызметіне 31 техника табыс етті. Заманауи жабдықтар Беларус елінің «ПОЖСНАБ» зауытында шығарылған. Мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы аясында алынған көліктердің 10 жылдық кепілдігі бар. Бұған дейін өрт сөндіру бекеттеріндегі техника бірлігі 32 пайызды ғана құрайтын.

Өрт сөндіру бекеттерінде 31 техниканы қосқанда қолжетімділік 75 пайызға толықты. Былтыр 17 жабдық сатып алынған болатын. Айта кетейік, биыл карантиндік режимге байланысты өрт саны азайған. Дегенмен, төтенше жағдай өткен жылмен салыстырғанда көбейген.
Мұрат Әйтенов – Шымкет қаласының әкімі
Нұрболат Дербісов – Шымкент қалалық ТЖД бастығы
Шара барысында өрт сөндіру техникаларының мүмкіндіктері көрсетілді. Жаңа жабдықтар заман талабына сай. Сондай ақ, ұзақ жылдар бойы тілсіз жаумен арпалысып, абыройлы қызмет еткен мамандар қала әкімінің марапатына ие болды. Департамент негізі қаланған жылдардары қызмет еткен ардагер мамандар тоқырау жылдары осы салада кездескен қиындықтар мен техниканың деңгейін еске алды.
Уәлихан Ережепов – ТЖД  ардагері
Дидар Өмірзақова – тілші
Бұған дейін Шымкенттегі өрт сөндіру бекеттерінде 100-ге жуық техника болатын. Олардың басым бөлігінің  сатып алынғанына 20 жылдан астам уақыт өткен. Бүгінде шаһарда көпқабатты үйлер көптеп салынуда. Алда –жалда сол баспаналарда төтенше жағдай орын алса, жаңадан сатып алынған техникалар тілсіз жауды ауыздықтауда зор мүмкіндік береді дейді маман.
Д.Өмірзақова                                                               

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...