ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ЖАҢА ЖҮЙЕМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

17:34, 14 маусым 2019

Түркістан қалалық орталық ауруханасында "триаж жүйе" мен "компьютерлік томография" орталығы ашылды. Жаңартылған орталықтар енді тұрғындар үшін қолжетімді. Ұзын сонар кезек күтіп, табан тоздырмайды. Ауруханаға қондырылған қажетті цифрлық аппараттар халыққа жедел қызмет ететін болады.

Түркістандағы орталық аурухана жұмысы жаңа жүйеге көшті. Жансақтау бөлімі қайта жарақталып, заманауи озық құрылғылармен жабдықталды. Оның ішінде құны 400 млн. теңге тұратын компьютерлік томография қондырғысы бар.​ Құрылғы адам ағзасындағы кінәратты дәл табады. Емдеу мекемесінің кіре берісінде ақпараттық киоск орналасқан. Қай науқастардың қай бөлімге жатқанын бірден сұрап, ​ білуге болады. Тұрғында электронды кезек арқылы  лабораторияға, рентген кабениетке, ультрадыбыстық зерттеуге тексеріле алады.

 Жанболат Ділдабеков – Түркістан қалалық орталық  ауруханасының бас дәрігері

Бұрынғы жансақтау бөлімі науқастарға өте ыңғайсыз болатын. Қазір міне барлық жағдайды қабылдау бөліміне жақын орналастырдық. Бұл адамдарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

 Сондай-ақ, аурухана «Көмек» медициналық ақпараттық ​ бағдарламасына қосылған.  Мұндағы ТРИАЖ жүйесі –  медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп, дұрыс ұйымдастырудың тиімді амалы. Ал,  жедел жәрдем бригадасы ​ алып келе жатқан науқас туралы толық мәліметті біліп отырады. Сырқаттар жағдайына қарай сұрыпталып, жасыл, сары, қызыл аймаққа іріктеледі. Бір ауқастың  жағдайын бағалау процесі 60 секундтан аспайды.

М.ӘСЕМБЕК                                      

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...