ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ОРТАЛЫҚ КӨШЕ ЖӨНДЕЛУДЕ

14:34, 10 қазан 2019

Биыл үш жүздің басын қосқан қасиетті Ордабасы ауданына 55 жыл! Айтулы мерекеге орай, ауданда жол жөндеу, орталықты абаттандыру ісі қарқын алған. Жергілікті билік талай жылдан бері қараусыз қалған орындарды қайта қалпына келтіріп, ел игілігіне тапсырмақ ниетте.

Перизат Биназарқызы – тілші

Қазір Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елдімекеніндегі орталық Аппазов көшесінде жөндеу жұмыстары басталған. Ұзындығы 4 шақырым жол жиегі жөнделіп, суағарлар орнатылады. Алдағы уақытта бұл көшеде жарықшамдар орналытады. Бұл игілік ауданның 55 жылдық тойы қарсаңында қолға алынған.

Құны 550 миллион теңгелік құрылыс аясында орталық көше жөнделіп қана қоймайды. Аудандық аурухана алдына аллея салынады. Ол орын жастар мен науқастардың бірден-бір демалу орнына айналады.

Ғабибулла Сәрсен – Ордабасы ауданының тұрғыны

Рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Өз басым бұны дұрыс қабылдаймын. Орталық болғандықтан осылай қарқынды жұмыстар болуы керек.

Қазір құрылыстың 50 пайызы біткен. 70-ке тарта жұмысшы күні-түні еңбек етуде. Олар ең алдымен сапаға мән беріп отыр.

 Азим Қыдырбаев – «ПМК-7» ЖШС-нің өкілі

Біз ғана емес, жергілікті атқарушы органдар да келіп, сапаны тексеріп жүр. Жұмысшылар жақсы жұмысістеп жатыр. 1-ші кезеңде біз мынау жауын шашыннан қорғайтын латоктарды орнатып жатырмыз.

Мырзахан Ыбырай 20 жылдан бері Темірланда тұрып келеді. осы уақыт ішінде әлі жөндеу көрмеген көшелердің жаңарып жатқанына қуанышты. Бұл игілік ұл-қыздың емін-еркін жүріп-*тұруына мүмкіндік береді,-дейді ол. Мырзахан Ыбырай – Ордабасы ауданының тұрғыны

Біз осы істерге тек қуанамыз. Мынау бітейін деп қалды. Құдай қаласа балашағамен еркін келіп, жүріп тұратын жер болыпты. Елімізде көптеген игіліктер қолға алынып жатыр. Мына президентімізге рахмет дейміз.

4 шақырым қашықтықы алып жатқан құрылыс алаңы Темірланға Шымкенттен кіре беріс қақпадан бастау алған. Түркістанға шығар жолға дейін жөнделеді.

Арман Ысқақов – Ордабасы ауданы Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Біз бұдан бөлек, қазір бірқатар жұмыстарды қолға алдық. Бұл жерден ирригациялық жүйесі енеді. Соған қосымша арық-атыздары тазаражды деп отырмыз. Темірландағы қарқынды жұмыстар мұнымен шектелмек емес. Аббазов көшесімен қатар Әуәбәкіров көшесінде жұмыс қызған. Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері әрленуде.

П.Биназарқызы 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...