ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ҚОЛДАУ

18:26, 14 қаңтар 2021

Шағын және орта бизнестің тиімді тұсы көп. Ол заманның ыңғайына тез бейімделіп, сұранысқа сай өнімдерді өндіруге ықпал етеді. Бүгінгі таңда қаламызда отандық өнімді қолдау қаншалықты жүзеге асып жатыр? Кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетілуде? Бұл сұрақтардың жауабын әріптесім Назкен Скандар тарқатып айтсын.

Бүгінде елімізде шетелдің брендтеріне қызығып, киім-кешектен бастап, жиһаз, құрылыс материалдарын өзге елдерден алдыртып жатады. Алайда біздің елде де дәл сол тауарлар өндіріледі. Сапасында да ешқандай мін жоқ, әрі  бағасы да қолжетімді. Осы орайда отандық өнімдердің деңгейін көтеріп, оны қолдауымыз аса қажет. Сондықтан, отандық өнімдерге қашан да маңыз бергеніміз жөн,- дейдіНұрлан Қабыштаев.

Нұрлан Қабыштаев–Шымкент қалалық«Атамекен»кәсіпкерлер палатасының директоры

Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасының жұмысы әліде жүзеге асуда. Бұл бағытта әкімшілік және басқа басармалармен бірлесіп жұмыс атқарамыз. Қаржыландыру, жаңа өндірістердің құрылысын жасау, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейтуге бағыт-бағдар береміз. 

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көп. Солардың бірі «Nurtau distribution» компаниясы. Сағыз және шоколад өнімдерін шығарумен айналысады.Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында, осы жобаны іске асырған. Даму қоры арқысы жеңілдетілген несиеге қол жеткізген. 2019 жылы құрылып, қазіргі таңда 100 адамды жұмыспен қамтып отыр.

 

Давран Юлдашев –«Nurtau distribution» ЖШС директорының орынбасары

8 айдың ішінде өздеріңіз көріп шыққан заводтың құрылысын аяқтап, іске көштік. Жоспар құрып, қаржы жағын бәәрін есептедік. Кейіннен Атамекен кәсіпкерлік палатасына барып, бағыт бағдар көрсетті. Даму қоры арқылы жеңлдетілген несиеге ие болдым.

«Navruz Plastik» ойыншық зауытының өнімдері нарықты жаулағалы 7 жылдан асқан. 2013 жылы негізін қалап, қазіргі таңда 20ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер қаржы алу үшін «Даму» Қорына келіп, Қордың 50 пайыз кепілдігі арқасында кәсіпкер Kassa Nova Банкінен 14%-бен несиеге қол жеткізген. Бүгінгі таңда мемлкеттің қолдауының арқасында кәсібін дөңгелетіп отыр.

 

Рабиға Байтемірова –«Navruz Plastik» ЖШС директоры

2013 жылы жұмысымызды бастадық. Ең бірінші кішкентай ойыншықтарды жасауды қолға алғанбыз. Кейіннен Атамекен кәсіпкерлік палатасына барып, бағыт бағдар көрсетті. Даму қоры арқылы жеңлдетілген несиеге ие болдым.
 

Ел экономикасын дамытып, әлеуметтің әлеуетін арттыру барысындағы іске біз де қомақты үлес қоса аламыз. Ол үшін шет елден экспортталып келетін өнімді тұтынудың орнына өзімізде өндрілетін отандық өнімдерге барынша қолдау жасау қажет. Осы арқылы нарықта бәсекелестік артып, сіз бен бізге таңдау мүмкіншілігі көп болмақ,дейді кәсіпкерлер.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
18:38, 20 қаңтар 2021
ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:35, 20 қаңтар 2021
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар