ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ОТБАСЫ-МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

14:04, 6 қыркүйек 2019

Шаңырақтың қызыққа, қуанышқа толы болуы отбасындағы бауырмалдық пен береке-бірлікке байланысты. Түркістан облысының Бәйдібек ауданында тұратын Еркебаевтар отбасы - осындай қадыр қасиетпен өрелі ұрпақ жалғастырып отырған мерейлі отбасының бірі. Жүздерінен жылылық есіп, көңілдерінен тектіліктің табы сезілетін ерлі- зайыптылар 11 перзенттің қазыналы әкесі, абзал анасы. Шаңырақ көтергендеріне жарты ғасыр болған отбасы республикалық «Мерейлі отбасы» байқауында өңір жұртшылығы атынан сынға түскелі отыр.

Жасы жетпістен асса да Әлмырза қария әлі күнге немерелеріне бас болып үйдің талай шаруасын өзі тындырады. Бау бақшаны да өзі күтіп баптайды. Ондағысы ұрпағына өнеге көрсету. Еңбекке баулу.  «Өмір жолында ұлғатты жандардың  тәлімді ісін өзіме өнеге тұттым. Өзім де ұл мен қызға үлгі болуға тырыстым. Ол үшін адалдық, төзімділік, еңбекқорлық секілді қасиеттерді өмірлік тірек еттім,- дейді ол.

 ӘЛМЫРЗА ЕРКЕБАЕВ ЖАҢАТАЛАП АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

         Осы бір тәуір адамға қызыққым келеді, Соның тірлігіне, соған ұқсап жүрсем, тұрсам деген қағдидамен өмір сүрдім. Тракторшы болсақ та жақсысына қызықтым. Машине айдасам да  жақсы шофер болғым келді.

         11 құрсақ көтерген  Оңал апа болса отбасының татулығына барын салды. Бауырмалдық, ізет пен құрмет секілді ізгі қасиеттерді перзенттерінің бойына сіңірді. Барлығының жоғары білім алуына жағдай жасады. Парасатты азаматтар болып өсіп жетілуін қалады.  Бүгінде олардан тараған 33 немере мен 2 шөберенің абзал жүректі әжесі. 

         ОҢАЛ САЛЫБЕКОВА Ә. ЕРКЕБАЕВТЫҢ ҚОСАҒЫ

         Біздің үйде ұрыс керіс болған емес. Тату өскенбіз. Бұрын ата-енем де сондай еді. Соны көрген балалар, қыздар да қосқатарымен тату, келіндерім де бір-біріне қарсы сөйлемейді.  Сондай татулық бар жерде береке бар. Тамақты рахаттанып отырып ішеміз.

          Жансая отбасындағы сегізінші перзент. Аға-әпкелері секілді  жоғары білімді маман. Мектепте мұғалім. Ұстаз ретінде шәкірттері құрмет тұтады. Әріптестеріне сыйлы.

       ЖАНСАЯ ЕРКЕБАЕВА ҚЫЗЫ

         Үйге кісі келгенде атамыз бен апамыз кім келсе де алдынан күліп шығыңдар дейтін. Ол сенің дастарханыңа емес қабағыңа тояды деп. Ағайындығымызды, бірлігімізді көрсетуге тырысып отырмыз. Осының бәрі ата-анамыздың тәрбиесі.

         Еркебаевтар шаңырағының балалары бүгінде оқу-ағарту, әскери қызмет, кірістер басқармасы, кәсіпкерлік, мұнай-газ секілді түрлі салада еңбек етеді. Ардақты әке мен алтын құрсақты аналары олардың әрбір ісіне, жетістігіне шаттанумен күн кешіп жатыр.  

         МӘРИЯ КӘРІБАЕВА КӨРШІСІ

         Бұл кісілер  еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Әсіресе, ағай ешқашан еңбектен тайынбайтын. Балаларының бәрі ізетті болып өсті. Үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатындай боп.

       Әлмырза  қария  бүгінде Ағыбет ауыл әкімшілігінің төбе биі.  Елдің мұқтаждығын  айтып, ауылдың көркейіп дамуына аянбай қызмет етіп жүр. Бұл еңбегі де ескерусіз емес. 2016 жылы ауданның «Үздік биі» және «Құрметті азаматы» атағын  алды.

Ғани Қалмаханов

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...