ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ӨТЕМАҚЫҒА ҚҰЖАТ ТАПСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

18:42, 9 шілде 2019

Арыстықтардың 99,6 пайызы өтемақыға құжат тапсыра алады. Бұл ақпарат облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен жиында мәлім болды. Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша барлық секторда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Дегенмен, арасында жоспардан кешіккен, жұмыс күші жетпей жатқан облыстарға тиісті ескерту жасалды.

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары Түркістан обалыстық  әкімдігінің негізгі жұмысы болып тұр.  Қазір 17 секторда  құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары толық бақылауда. Жоспардан кешігіп, жұмыс күші жетпей жатқан облыстарға тиісті ескерту жасалған.

 

Қайырбек Өскенбаев – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің   бірінші орынбасары  

-Астана қаласына бөлінген секторда жұмыс күші аз еді. Бүгін түстен кейін 300 жұмысшыны қосып отыр.

Бұл ретте, еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрлігінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев құрылыс аумағына мердігерлер мен жұмысшыларды көбейту керектігін де атап өтті. Сондай-ақ, Арыс қаласы  маңынан 20 шақырым аумақта әскерилер тексеру, тазалау жұмыстарын жалғастыруда. Арнайы тікұшақпен де мониторинг жасап жүрген әскерилер оқ-дәрі тазаланғанын, жарылыс қаупі жоқ екеніне көз жеткізген. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрілігінің өкілі Руслан Шпекбаев мәлімдеді. 42 топтан құралған саперлар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Тұрғындардың шақыртуларына да жедел жететін кезекшілер ұйымдастырылған.

 

Руслан Шпекбаев - ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі

-Тікұшақпен бүгін екінші күн. Әр шақырымға радиусы 20 км. Арыстың батыс бөлігін толық аралап шықтық.

 

 Бүгінде қала қауіпсіздігі мен тыныштығын 300-ден астам полицей күзетуде. 17 сектордың бәрінде тәртіп сақшылары кезекшілік жасауда.  300-ге жуық үйде құрылыс және жөндеу жұмыстары басталып кеткенін мәлімдеді. Ал, 100 мың теңге өтемақыға құжат тапсырғандар саны 96 пайыздан асқанын жеткен. Таяуда 100 пайызға жетеді. Себебі бұл бағытта жұмыс қатаң бақылауда. Құжаттар тексерілген соң тамыз айының басында тұрғындарға өтемақы беріле бастайды.

 

 Арман Тасыбаев - Түркістан облыстық қаржы басқармасының басшысы

-Халық банкке тізім жібереміз. 15-не дейін жіберуіміз керек. Одан кейін халық банкі 18-ге толған әр адамға карточка ашады. Басында ойлаған едік, 18-ге толмағандарға бас тартты. Не әкесі, не анасына аударып береді.

КӘрбір жауапты басшыны жеке-жеке тыңдаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмысқа асқан жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті. Қаланы тиімді басқару және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін 17 секторды болашақта да қалдыру керектігін айтты. Сонымен бірге құрылысты кешеуілдетіп жатқан секторларда жұмысты ширатуды тапсырды.

 Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

-Әркім өз линиясымен жұмыс істейді. Премьердіңкелгенінен кейін аралап шығамыз. Мен өзім келіп тұрамын. Әрбір сектор бойынша аралаймыз.

Ұласбек Сәдібеков – Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі   

-Күнде кешке 8-де сектордың басшыларымен әр секторда как планировка. Күнде. Мысалы: бүгін 5 үйді айтып келеді. Сол үйлерді көреді, өздері түсіндіреді.

Жарылыс салдарынан зардап шеккен 65 науқас жазылып,  ауруханадан шыққан. 17 сектордағы тұрғындардың барлық талап-тілегі орындалуда.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АТАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
18:05, 22 тамыз 2019
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...