ШҰҒЫЛ! ТЕГІН БЕРІЛЕТІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ САТҚАН Толығырақ

ОТТЕГІ ГАЗЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫЛАРҒА ЗӘРУ

15:56, 30 маусым 2020

Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық ахуалдың ушыққан соншалық ауруханаларды оттегі газымен қамтамасыз етіп отырған креогендік зауытқа жұмыс күші жетіспей жатыр. Өйткені медициналық емдеу мекемелерінің сұранысыны бұрынғыға қарағанда 5 есеге өскен. Бір жарым айдан бері демалыссыз және тәулік бойына ауысымсыз жұмыс істеп келе жатқан зауыт қызмекерлері енді өзгелерден көмек сұрауға мәжбүр.

Закир Қарабалин  зауытта машинист болатын. Қазір жұмыс күші жетіспегендіктен бірнеше жұмысты қабат атқарып келеді. Баллондарға отегі толтырады, оны көліктерге тиейді. Шебер ретінде өндіріс барысын қадағалайды.  Тәулігіне 3-4 сағат қана көз шырымын алады.

ЗАКИР ҚАРАБАЛИН ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫСЫ

Бізге ауыр болып жатқаны артық істеп жатырмыз. Демалыс жоқ. Түнгі сменаға қалып жатырмыз. Сол ауырлық қалып жатыр. Оны істемесек болмайды. Ауруханаға жіберу керек.

Зауытта қазір небәрі 20 шақты адам ғана жұмыс істеп жатыр.  Індеттің алғашқы легі басталған кезде олардың үштен бірі жұмыс орындарын тастап кетті.

АСҚАР БАТЫРХАН КРЕОГЕНДІК ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ

Бір сменамыз бар кезінде қалдырған, кризис кезінде. Сол адамдар қазір тоқтамай жұмыс істеп жатыр. оларды демалдыруға мүмкіндік жоқ. Ал енді көп жастар келеді. «Жұмыс ауыр екен, мұндай режимге шыдамаймын, алыс екен» деп жұмыс істегісі келмейді.

Шымкенттегі креогендік зауытта осыдан екі жыл бұрын іске қосылған. Індет етек алмай тұрып, негізінен  маталлургия саласының  қажеттіліг үшін жұмыс істеп келеді. Карантин кезінде  өндіріс орындарының жұмысы тежелгендіктен негізі табыс көзінен айырылды. Ол аздай кәсіпорын ауруханалардың  қажеттілігі үшін тәулік бойына тоқтаусыз жұмыс істеуге мәжбүр.

ҒАНИ ҚАЛМАХАНОВ ТІЛШІ

Жұмысшылар секілді зауыттағы қондырғылардың да тоқтаусыз жұмыс істеп тұрғанына айдан асты. Уақытынды суытылмайды, мерзімінде майланбайды. Салдарынан бөлшектер уақытынан бұрын тозып, өндіріс тоқтап қала ма деген қаууіп туып отыр.

Зауыт қазір Шымкент қаласындағы ауруханалардан бөлек Түркістан және Қызылорда облысындағы емдеу мекемелеріне оттегі жеткізіп беруде. Жердің шалғайлығы да жұмысшыларға қолбайлау. Кешегі күні кәсіпорынға еріктілер тобы көмекке келгенімен жұмысқа шыдамай кетіп қалды. Өйткені кәсіпорынға білек күшімен бірге, өндірістің жай-күйінен хабардар мамандар қажет боп тұр.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 9 ДӘРІГЕР ПНЕВМОНИЯДАН ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:17, 8 шілде 2020
ШЫМКЕНТТЕ 9 ДӘРІГЕР ПНЕВМОНИЯДАН ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
 КЕЛЕСТІКТЕР ҚОҚЫСТЫ ДА КӘДЕГЕ ЖАРАТУДА
13:09, 8 шілде 2020
КЕЛЕСТІКТЕР ҚОҚЫСТЫ ДА КӘДЕГЕ ЖАРАТУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
15:40, 2 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
16:30, 2 шілде 2020
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
Толығырақ...
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ  КАРАНТИН
16:32, 2 шілде 2020
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН
Толығырақ...