ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ОТЫРАРДА ШИПАЛЫ ШҰБАТ ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

12:10, 3 қаңтар 2019

Отырар ауданында түйе шаруашылығына қатысты кәсіп түрлері өркендеу үстінде.Аймақта төрт түліктің төресі түйе сүтін өңдейтін үш өндіріс орны жұмыс істейді.

Бойға –қуат, жанға шуақ беретін шұбаттың адам денсаулығына берер пайдасы зор. Отырарда шипалы сусын шығаратын шаруашылықтардың жұмысы жанданып келеді.Бүгінде ауданда түйе сүтін өңдейтін үш бірдей  өндіріс орны бар. Соның бірі «Отырар сүт ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі.Бұл мекеме Тәулігіне 1тонна 400 литр  түйе сүтін өңдеуге қауқарлы.

Динара Жіпсібаева - Талапты ауыл округінің әкімі

Аудандағы тағы бір кәсіпорын «Гүлмайра» шаруа қожалығының шұбаты «Отырар шұбаты» сауда белгісімен шығып жатыр.Қожалықта 380 түйе бар.Кәсіпорын тәулігіне 1,5  тонна түйе сүтін өңдеуге қауқарлы.Мұнда оған қоса тәулігіне 750 литр қымыран да өндіріледі.Өндіріс орнында бір айда өңделетін сүт өнімінің жалпы көлемі 22 тоннаны құрайды.

Мұратхан Ақаев-  «Отырар сүт- ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің технологы

Шілік ауылында «Нұр Шілік» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің де түйе сүтін өңдеудегі тірліктері қарқынды.Қарауында 217 түйе бар.Күніне 500 литр сүт өнімдерін дайындайды.Бүгінде «Маяқұм шұбаты» сауда белгісімен шығарылатын шұбат Түркістан облысының барлық аймақтарында сатылады.Ендіге жерде өндіріс орындарында түйе және бие сүті ұнтақ күйінде өндіріліп, шет елдерге экспортталатын болады.Бұл өңірдегі түйе шаруашылығының дамуына септігін тигізеді.

С:ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ                                                   

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
12:41, 17 маусым 2019
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:30, 17 маусым 2019
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар