ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

ОТЫРАРДЫҢ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗЫ РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛМАҚ

17:39, 16 мамыр 2018

Отырардың қауын-қарбызы Ресейге экспортталмақ. Аудандағы әлеуеті артқан шаруа қожалықтары... биыл осындай жетістікке қол жеткізбек.

Бұған аудан әкімі... аймақтағы агросала екпінділерімен... кездесу кезінде көз жеткізді.  «Өркен» шаруа қожалығы биыл 22 гектарға жүгері екті. 1 миллион шаршы метр тақтада мақта жайқалып тұр. Тағы 5 гектар алқапқа жоңышқа тұқымын сепкен. Дақылдардың өсу қарқыны жаман емес. Жылдық науқанды тәп-тәуір табыспен аяқтауға үміт зор. Ал, «Шалқар» шаруа қожалығы 56 гектар жерге түрлі бақша дақылдарын еккен. Ерте қам жасаған шаруа бір айдан кейін пісетін қарбыздарын елімізден бөлек, көршілес Ресейге экспорттауды жоспарлап отыр. Еңбекқор диқан аудандағы каналдардың ағымдағы және күрделі жөндеуден өткеніне қуанышты. «Мол табыс алуға... биыл... ағын судың жеткілікті болуы септігін тигізбек», - дейді. Жалпы, отырарлықтар биыл 3 миллион шаршы метр аумаққа түрлі дақылдар егуді жоспарлаған. Белгіленген межені орындау мақсатында егін егу науқаны қарқынды жүргізілуде.

П.Биназарқызы 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРАДА
20:44, 19 қазан 2018
ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРАДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОТЫРАР  ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ  ТАМСАНДЫРДЫ
13:29, 15 қазан 2018
ОТЫРАР ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ ТАМСАНДЫРДЫ
Толығырақ...