ШҰҒЫЛ! АУЫЛ-АЙМАҚТЫ ГАЗДАНДЫРУ ІСІНДЕ ШИКІЛІК КӨП Толығырақ

Отырарлық жастар алтыбақан аясында бас қосуды әдетке айналдырып келеді

13:44, 25 қыркүйек 2017

Отырар ауданының жастары «Алтыбақан» атты сауық кешінде бас қосты. Ерекше шарада ұлттық дәстүр, қазақы әдеп пен ұмыт қалған ойындар дәріптелді. Елбасының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған шараға облыстық әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығы мұрындық болды.

      Кезінде алтыбақан болатұғын, Тоғжанды ұлы Абаймен табыстырған.... Міне осындай жырлармен бастау алған шара ұмыт қалған қазақы дәстүрді қайта еске салды. «Жастардың ақ арманы – Алтыбақан» деп, ата-бабамыз жырлап өткендей «Алтыбақан» жиыны жастарға рухани қуат, өнегелі тәрбие береді. Көк пен жер арасында, айлы түнде барша жастың жүрегінде айтылар сыр мен шашылар жыр қалмайтынын көрсетті.

       «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды». Елбасының осы қағидасын негізге алған шара жастарды оң көзқараста тәрбиелеуге шақырды.

       Рухани жаңғыру - ұлттық сананы бір сілкінтіп жастар бойына сіңіру деген сөз.Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Осыны ескерген отырарлық өнерпаздар ұлттық код пен рухани мәдениеттің озық үлгісін көрсетті.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Куәліктерді қайта алу мерзімі 50-ден 15 күнге дейін қысқарды
11:24, 27 сәуір 2018
Куәліктерді қайта алу мерзімі 50-ден 15 күнге дейін қысқарды...
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ МӘЖІЛІСМЕНДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:40, 26 сәуір 2018
ОБЛЫС ӘКІМІ МӘЖІЛІСМЕНДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ  ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
18:02, 20 сәуір 2018
«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
Толығырақ...