ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

ӨЗ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙІҢІЗДІ ТАНИСЫЗ БА?

19:11, 13 қараша 2019

«Өзіміздің полиция». Шымкент қаласында осындай атаумен акция өтуде. Қалалық ішкі істер департаментінің ұйымдастырумен өтіп жатқан шараның мақсаты – қала тұрғындары мен тәртіп сақшыларының арасында тығыз байланыс орнату. Бұндай шаралардың қаншалықты тиімділігі болады?

Нұрсұлтан Әбдірашит – тілші

Шымкент қаласы полиция депортаментінің ұйымдастыруымен «Өзіміздің полицей» акциясы екі айға жалғасқан болатын. Дәл қазіргі таңда біз «Север» мөлтек ауданындағы үйлердің бірінде тұрмыз. Дәл қазір біз қала тұрғындары өзінің учаскелік полицейін танима танымай деген сұраққа жауап алатын боламыз.

Күләш Қайсарбекова  - қала тұрғыны

Бұл жерде тұрып жатқаныма 2 жыл болды. Учаскелік полицейімізді танимын. Өте жақсы. Шақырғанда уақытында келіп тұрады.Учаскелік полицейімізге ешқандай шағымымыз жоқ. Оның алдында акиця болған. Сол кезде визиткаларын таратқан.

Халықпен тығыз қарым қатынас жасау, ашық жұмыс істеу, көпшілікпен бірге орын алып жатқан құқықбұзушылықтың алдын алу. Бүгінгі учаскелік полицейге қойылатын басты міндет осы. Қазіргі таңда қаламыз бойынша 369 учаскелік полицей қала тұрғындарының тыныштығын күзетіп, өтініш тілектерін орындау мақсатында қызмет етуде.

Данабай Әлиев – Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлімше бастығы

Учаскелік инспекторлар халықпен тығыз жұмыс істейтін полицияның өкілі болғандықтан, әрбір үй, пәтерлер аралап, тұрғындарға өздерінің визиткаларын, ұялы телефондары, керек ақпараттары бар брошураларын таратты. Бұдан бөлек қылмыстың алдын алу, оның ішінде пәтер ұрлықтарының жиі орын алатындықтан осы бағытта тұрғындармен «Қазақтелеком» мен бірлескен келсім шарт түзу арқылы үйлердің кіреберісіне, аулаларына камералар орнату бағытында жұмыс атқардық. 

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда учаскелік полицейлердің атқарып жатқан жұмыстары орасан.Осы екі айға жалғасқан акция барысында 182 257 пәтерлер мен жеке үйлер тексерілді. Сонымен қатар инспекторлар қала тұрғындарына 396 942 визитка, 321 450 жадынамалар үйлердің кіре берісмен аулаларға жабыстырлыған. Айта кетейік, бұл жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес, қала тұрғындарының көмегімен 38 қылмыс ашылған. Оларға полиция департаменті 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 25250 теңгеден сыйақы берілген. 

Нұрсұлтан   Әбдірашит         

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...