ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ОЗАТТАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕСКЕРІЛДІ

11:46, 13 маусым 2019

Оқу жылы аяқталып, оқушылардың білімін сынайтын кез де келіп жетті. Бәйдібек ауданында Түлектер мектепте емтихан тапсырды. Соның нәтижесінде «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иелерін анықтады. Білім мен арман қуған түлектерді енді Ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр.

Бұл Қалдыбай Бәйменов атындағы жалпы орта мектебі. Тарихы 20 -ғасырдан бастау алатын оқу ордасында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша кезең-кезеңімен оқыту қолға алынған. Мұнда оқушылар үшін жаңа талапқа сай модификациялық кабинет те бар. Білім ұясын 10 оқушы тәмамдап отыр.

 Бағдат Сәрсен - Қ. Бәйменов атындағы мектебі директорының  орынбасары

-Биылғы оқу жылында 11 сыныпты бітіруші 10 оқушының, бесеуі ҰБТ-ге баруға өз өтініштерін берген. Бесеуі де қыз баласы. Нәтиже жоғары. Аудан көлемінде үздік 5 мектептің арасынан көрінеміз деген ниетіміз бар. 5 оқушының екеуі алтын белгіге үміткер оқушылар

Бәйдібекте 34 жалпы орта мектебі бар. Биыл ауданда бітіруші 592 түлектің 479-ы ҰБТ –ке қатысады. Олардың 12-сі «Үздік аттестат», ал 34-і Алтын белгі иегерлері. Солардың бірі - Данагүл Тұрғанбай.

Данагүл Тұрғанбай – Алтын белгі иегері

-Сыныбымызда 2 алтын белгі бар. Соның бірі мен. Биылғы ұлттық біріңғай тестілеуге баратын жас түлектерге сәттілік тілеймін. Өзімнің таңдаған пәнім ағылшын және дүние жүзі тарихы пәні

Осылайша озаттардың еңбегі ескерілді. Лайықты марапатқа ие болды. Ұстаздар мен ата-ана үмітін ақтағандар жеткен жетістікпен тоқтап қалмайтыны анық. 

Ә. Дәулетбекқызы                                                                             

Тақырып бойынша материалдар

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
18:35, 14 маусым 2019
ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...