ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

ӨЗБЕКСТАН МЕН РЕСЕЙДЕН 1500 ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ АЛДЫРЫЛҒАН

11:48, 13 маусым 2019

Қазақстан тамырын терең тартқан мемлекет. Ұстыны биік ұлтымыздың тарихын аша түсу үшін еліміздің әр өңіріндегі мемлекеттік архивті ортақ жүйеге ендірген абзал. Қазақ елі туралы құнды құжаттарды да үкіметке тапсыру керек. Осы және өзгеде мәселелер Түркістан, Атырау облыстарының архив қызметкерлері бас қосқан жиында айтылды.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Түркі әлемінің генезисі бөлімі бойынша облысымызда талай шаруа атқарылған. Десек те өңірлер арасындағы байланыс әлі де пысықтауды қажет етеді. Табылып, зерттеліп жатқан құнды құжаттар бір жүйеге жүктелу керектігі әңгімеге арқау болды. Жиынның мақсаты да осы. Архивтану, құжаттану мәселелері арасында шығармашылық байланысты тереңдету.

Айдын Исақаева – Түркістан облыстық  мемлекеттік архив басшысы

Түркістан облыстық мемлекеттік архиві мен Атырау облысы ұйымдастыруымен іс-шара ұйымдастырылып отыр. Бұл жерде талқыға түсетін мәселелер жетерлік. Архив саласындағы мемлекеттік ішкі байланысты нығайту, шетелдерде сақталған құжаттарды елге қайтару сияқты жобалар жетерлік.

Атырау облыстық мемлекеттік архив  қызметкерлері өз жетістіктерімен бөлісті. Атқарылған жұмыстарын көрмеге қойып,  көптің назарына ұсынды. Мәселен атыраулықтар Өзбекстан мемлекеті мен Ресейдің Орынбор, Омбы, Санк-Петербург қалаларынан 1,5 мың құнды құжатты тапқан. Оның  500 –ін электронды жүйеге ендірген. 

 Қуаныш Серік -  Атырау облыстық мемлекеттік архив  басшысы

-Шетелдер мен жұмыс, архив құжаттарды елге қайтару бір бағыт болатын болса, екінші бағыт цифрландыру. Еліміздегі архивтердің байланысын нығайту, жаңа деңгейге көтеру

Жиынға келген Атырау облыстық мемлекеттік архив  қызметкерлері өздері жеткен жетістіктердің қыр-сырымен бөлісті. Алдағы уақытта Түркістан облысындағы әріптестермен ынтымақтасты арттыруға уағдаласты. 

Айдана Мәулен                                     

Тақырып бойынша материалдар

Ө. ШӨКЕЕВ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕТІН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ
17:27, 15 шілде 2020
Ө. ШӨКЕЕВ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕТІН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН Т...
Толығырақ...
ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН  ПЛАТФОРМА АШЫЛДЫ
17:25, 15 шілде 2020
ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ПЛАТФОРМА АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...