ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ Толығырақ

ӨЗЕНДЕР АРНАСЫНАН АСУДА 

21:13, 14 мамыр 2020

Түркістаноблысынданөсержаңбырсалдарынанөзендерарнасынанасуда . Осы жағдайға байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, арнайы штаб құрылды. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы селден зардап шеккен аумақтарды аралады. Мұнда толассыз жауған нөсер жауынның әсерінен Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтерілді. Соңғы ақпарат бойынша, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 260 тұрғын үйлердің ауласына су кірді. Барлығықауіпсізаумаққакөшірілген. 27 үйдің құлау қаупі бар. 


"Тек 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауған. Бұл соңғы жылдары алғаш рет орын алған табиғи құбылыс. Қауіпсіз аумаққа көшірілгендеріңіз дұрыс болды. Үйлерді полиция қызметкерлері күзетеді. Уайымдамаңыздар. Саман үйқұласа, өздеріңіз үшін қауіпті. Барлық аудандар осында көмекке келіп жатыр",- деді Өмірзақ Естайұлы Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде.
Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі  
Бүгін түнде мұнда Қазығұрт, Сайрам және Ордабасы аудандарынан көмек жетті. Олар халықты эвакуациялап, қажетті заттар мен ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Нөсер жауыннан үйлері бүлінген азаматтардың шығыны арнайы сараптау комиссиясының шешімімен анықталады.  Сұлтан Рабат елдімекенінің 78 тұрғыны Ленгер қаласында орналасқан №8 кәсіптік колледждің жатақханасына эвакуацияланды. Жоғарғы Қасқасу елдімекеніндегі Қасқасу өзені бойында орналасқан 4 көпірді су шайып кетті.
Алапатты ауыздықтау үшін төтенше жағдайлар қызметі қауырт жұмысқа кіріскен.
М. Жорабай

 

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...