ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ

14:27, 3 қараша 2020

Коронавируспен күрес кезінде аса қажетті өкпені жасанды желдету аппараттары Шымкентте жасалады. Бұл игі жобаны қаладағы КАЗМЕДПРИБОР ЖШС –гі қолға алып отыр. Мекеме күніне 25 өкпені жасанды желдету құралын шығарады. Қала басшысы короновирустың ықтимал екінші толқынымен күресте осы кәсіпорынның өніміне арқа сүйеп отыр.

Кенжехан Дүйсенбі – тілші

Қаладағы Казмедприбор компаниясы өкпені жасанды тыныстандыру аппаратарын жасауды қолға алды. Мекеменің жұмысымен танысуға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы келді. Бұл өнімдердің сапасы, бағасы қандай?

Бұл өнімнің   сапасы шетелдік құралдардардан кем түспейді. Бастысы аппарат  бұзылған жағдайда кепілді  сервистік қызмет дер кезінде келеді. Ал бағасы импорттық өнімдерден  әлдеқайда арзан.  Мысалы жыл басында қалаға алдырылған  аппараттардың құны 20 млн теңгеден асса өзіміздің өнім 12,2 млн теңге.

Қаныбек Қанатбекұлы -  КАЗМЕДПРИБОР ЖШС –нің директоры

Жабдықтарды біз өзімізде өндіреміз қалған бөлшектер АҚШ Қытай елдерінен әкеліп жатырмыз.

КАЗМЕДПРИБОР компаниясы жыл соңына дейін 500 ден аса  өкпені жасанды тыныстандыру құралын шығаруды жоспарлап отыр. Оған  еліміздің өзге өңірлерінен сұраныс жоғары. Сонымен қатар серіктестік  күніне 15 мың литр антисептикалық сұйықтық шығарады. Кәсіпорынды арнайы аралап жұмыс барысын саралаған қала басшысы КАЗМЕДПРИБОР қолға ауқымды жұмысқа оң бағасын берді. Айтқандай мегаполистегі   медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында жергілікті бюджеттен  6,6 млрд теңге бөлінген.

Спикер: Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Жаз айында біздің ИВЛ аппараттар көп бұзылды. Сол кезде жөндейтін мекемелерде жабдықтарда жоқ. Ал бұл жерде бәрі бар гарантиясы бар.

2005 –ші жылы құралған КАЗМЕДПРИБОР компаниясы бүгінде 15 мыңнан астам медициналық құралдар шығарады. Осы уақытқа дейін  120 мыңнан аса медициналық жихаздармен 700 ден аса науқастарды тасымалдауға арналған  арнайы көліктер шығарған. Сондықтан болар мегаполис медицинасы  қиын кезеңде осы тамырын терең тартқан  серіктестікке сенім артып отыр.

Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Осы компания 126 ИВЛ аппараттарымен қоса Бабров аппараттары мен реанимациялық жихаздар тапсырыс бердік.

Қалада короновирус белгілерін анықтайтын 9 зертхана ашылған. Олар күніне 3500-ге жуық тест жасау мүмкіндігіне ие. Бүгінде тəулігіне 1500 бен 2000-ның арасында тест қабылдауда.  Яғни, осы күнге дейін 116 591 ПТР тесті өткізілген. Ал науқастарға арналған  1 060 төсек-орын бар. Оның 560-ы жұқпалы ауруларға, 500-і карантиндік ауруларға арналған. Қазіргі таңда жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 200 ге жуық  науқас ем алуда. 

К. Дүйсенбі          

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар