ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕР МЕН КӨЛІК АЛУҒА БОЛАДЫ

14:07, 14 қазан 2020

Елімізде мейірімді жандар - аз емес. Бүгінде «Асыл адам» қайырымдылық қоры жүздеген адамның баспаналы болуына тікелей септігін тигізді. Оған қоса еш пайызсыз, артық төлемсіз көлік алуға да мүмкіндік береді. «Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі» деген ұстаныммен аталмыш қордың ресми филиалы Шымкент қаласында ашылды.

«Асыл адам» қайырымдылық қоры жайында біреу білсе, біреуі білмеуі мүмкін. Алайда, қордың 6 жыл ішінде атқарған жұмысына қарап, нәтижесіне толықтай көз жеткізуге болады. Анығын айтсақ, ірі корпорация 8 бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: «Asyl adam», «Amanat home», «Алло не керек»?, «Moneta», «Sharua mekeni», «Amanat drive», «Kino studio production», «Arman uy».  Барлығы да қарапайым халықтың қамы үшін қызмет етеді. 

Көңілбай Шукенов – «Асыл адам» қайырымдылық қорының басшысы

 «Асыл адам» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Көңілбай Шукенов. Ол 2014 жылы Нұрсұлтан қаласында аталмыш қордың алғашқы

заңдастарылған офисін ашты. Қазіргі таңда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, қор қызметі барша мұқтаж жанға мол шарапатын тигізуде.  Сонымен қатар корпорация басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Халық алғысы» марапатын алды. Франция елінің Халықаралық адам құқығы мен бостандығын қорғау комитетінің президенті Жерар Сальватоның төс белгісіне ие болды.

Сәуле Мақашева – қала тұрғыны

Бүгінде «Amanat home» қорының көмегімен 200 адам пайызсыз баспана алып, өз шаңырақтарында өмір сүруде. 50 азамат артық шығынсыз көлік алып, қажеттілігіне қол жеткізген. Айта кетерлігі, Қазақстанның барлық қалаларында қайырымдылық қорының ресми өкілдері бар және де барлығы да заң шеңберінде жұмыс істейді. Ал, пайызсыз үй және көлік алу үшін Қазақстан азаматы болып, тұлғаның жеке куәлігі ғана жеткілікті.

НазкенCкандар       

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...