ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !

10:45, 23 қыркүйек 2020

Пәтер жалдап тұрудан жалыққандарға жақсы мүмкіндік.Ешқандай төлем құжаттарының растауынсыз қалаған баспаныңызға қол жеткізесіз.. Тек алғашқы жарнасын құйсаңыз,қалған сомманы пайызсыз қайтарасыз.18 жас пен 63 жас аралығындағы Қазақстанның барлық тұрғыны үміткер бола алады.

R.O.I азаматтық тұтынушылар   кооперативінің төрағасы Арген Нұржанов пайызсыз пәтерге қол жеткізу жүйесінің негізін қалаушы. Өзі де баспанасыз жүргенде осы идеяны ойлап,мемлекеттен көмек алмай кәсіпкерлікті бастап кеткен.Яғни асарлатып үй салғаны секілді, асарлатып үй алуды ойластырған.

Арген Нұржанов  - R.O.I азаматтық тұтынушылар кооперативінің төрағасы

(Карантинге дейін барлығы үйді уақыты алған.Енді қайта қолға алып жатырмыз.Екінші мәселе үйлі болғаннан кейін жиһаз алу. Біздің салымшылар қарапайым адамдар болғандықтан,күшінің барлығы үй алуға кетті. Енді жиһазды  да пайызсыз бөліп төлеуге жағдай жасап жатырмыз.және оны да бөліп төлеуге уақыт беріп отырмыз)      37 секунд

2019 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанның 24 қаласында R.O.I  кооперативінің ресми өкілеттілігі жұмыс істеп жатыр.Осы күнге дейін 800 адам баспаналы болыпты.Соңғы екі аптаның ішінде 100 адам үйге қол жеткізген.

Сейтжан Асилов  - R.O.I азаматтық тұтынушылар кооперативінің Оңтүстік өңірлік директоры

(негізгі мақсат Қазақстанның 1 пайызын пәтермен қамту.Сіз 200 мың жарна саласыз, сосын 1 жыл айына 50 мыңнан құясыз. Сосын сізге 10 миллионның сертификатын береміз. Сосын біз үй алуға көмектесеміз.қалған сомманы 10-15 жылға бөліп төлейсіз. Сонда алғашқы 10 миллион ешқандай пайызсыз сол күйі қайтарылады.)        53 секунд

Бүгінде R.O.I  кооперативтік қорына 22 000 нан аса үлескер өз салымын салған. 6 айдан 1,5 жыл аралығында үйлі болуға мүмкіндік көп. Хилола Анарханова тәуекелге бел буып,былтыр салымын салып,Шымқаладан баспана алыпты.

Хилола Анарханова   тұтынушы

(Рамазан айында осы компания арқылы өз баспанама қол жзеткіздім.Енді жиһаздарды бізге 30 пайыз жеңілдікпен береді. Соны алуға келдім.)   20 секунд

R.O.I  азаматтық тұтынушылар   кооперативі баспанаға қажетті жиһаздардың түр-түрін өздері өндіріп жасап жатыр. Оларға ою салып,қазақ қыздарының есімдерін беріпті.Шымқаладағы Шығыс мөлтек ауданынан дүкен ашылды. Жібек жолы көшесіне келсеңіз, жиһаздың сан түрін табасыз.Онда пайызсыз,артық төлемсіз,бөліп беру арқылы арзан бағадағы отандық өнімдер бар. R.O.I азаматтық тұтынушылар кооперативі алдағы уақытта өзге қалалардан да дүкендер ашып,текстиль саласын қолға алмақшы.Пайызсыз пәтер алып, шаңырағыңызды жиһазбен жайнатамын десеңіз R.O.I дан қолдау табасыз!

Ф.Құрманбек                                 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...