ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ПАНДЕМИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

19:10, 15 қазан 2020

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Осыған байланысты денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушыБақытжан Позилов короновирустың алдын-алу мақсатында жиын өкізді. Мәжіліс залында екінші толықынға дайындық жұмыстары талқыланды. Бүгінде қалада COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 5209 адамды құрады. Соңғы тәулікте сырқатқа шалдыққан 2 адам тіркелді. Осы уақытқа дейін ауырған науқастардың 5129--ы емделіп шықты.

Қауіпті індеттің екінші толқынына дайындық барынша пысықталып жатыр. Осы орайда, короновирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын 13 диагностикалық орталық ұйымдастырылған.Бұл медициналық мекемелерде 17 КТ және 30 рентген аппараты бар. Сонымен бірге, 6 ПТР зертханасы бар, оның 2-уі жаңадан ашылыпты. Олар  тәулігіне 2 500 тест қабылдай алады екен.

Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Сондай-ақ  қаладағы өкпені жасанды желдету аппаратының саны 612-ге жетті. Одан бөлек, гуманитарлық көмек ретінде де ИВЛ аппараттары келіп жатыр. Соныман қатар, мекемелерге жаңа 3 оттегі станциясы мен 9 сұйық оттегі резервуары орнатылған.

Жақсылық Мәуленов-Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілі

Пневмония бойынша, 1 тамыздан бері 904 адам тіркелді. Соңғы тәуліктердеаталмыш дертпен 16 адам сырқаттанған.Олардың қатарында мектеп жасындағы 7 жеткіншек бар. Ал, ЖРВИ бойынша вакцинацалау 14-ші қыркүйекте басталды.  Қазіргі таңда  126 635 адам екпе қабылдады.

Айдана Қуанышқызы                                                          

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...