ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ПАРАКАНОЭДЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АШЫҚ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

17:38, 11 маусым 2019

Бадам су қоймасында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ескек есуден Қазақстан Республикасының ашық кубогі басталды. Биыл екінші рет жалауы түрілген бәсекеге Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан елдерімен қатар Түркістан облысының каноэде есушілері қатысып, бақтарын сынауда.

Биылда өз деңгейінде ұйымдастырылған дәстүрлі жарыстың салтанатты ашылу рәсімі жоғары дәрежеде өтті. Шараға Канада елінен келген  параканоэнің негізін қалаушы және әлем бойынша каноэ федерациясының президенті Джон Эдвадц арнайы келді.  Түркістан облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасары Данияр Исабаев  спортшыларға сәттілік тіледі.

 ДАНИЯР ИСАБАЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ұйымдастырылған жарысқа 4 мемлекеттен 70-ке жуық спортшы қатысып, мықтыларын анықтауда.  200 метр қашықтықта сынға түскен спортшылардың есімдері белгілі болды. Тартысты өткен бәсекеде өзбекстандық Павел Сулейманов мәре сызығын бірінші болып кессе,жүлделі екінші орын Түркістан облысының намысын қоғаған Жалғас Тайкеновқа бұйырды. Ал, үшінші орын өзбек елінің спортшысы Озодбек Хуваедуллаевта. Жастар арасындағы 200 метр қашықтықта бақ сынаған қос түркістандық спортшылар жүлделі орындарды бөлісті. Полад Туребеков жеңімпаз атанса, екінші орын Әділет Бақытұлында.

Осы жарысты ұйымдастыруға атсалысқан облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Денис Жарменов осындай халықаралық дәрежегі жарыстарды көптеп өткізу арқылы спортшылардың шеберліктерін арттыратынын айтты.

 

ДЕНИС ЖӘРМЕНОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СУ СПОРТ ТҮРЛЕРІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Жеңімпаз атанған спортшылар Венгрия елінде өтетін әлем чемпионатында бақтарын сынайтын болады. 

Асхат Мырзахметов                                             

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
18:35, 14 маусым 2019
ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...