ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

«ПАРКТЕР ШЕРУІ»

12:08, 12 маусым 2019

«Парктер шеруі». Облысымызда қолға алынған бұл шара туған жер жаһұттарын танып, табиғи байлығын сақтап-қорғауға оң ықпал етеді. Рухани жаңғыру құндылықтарынан хабардар жастар осылай деп ой түйіп отыр. Бұл жолы табиғатты қорғау акциясы Төлебиде өтті.

Игі шара «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық паркі ашылғаннан бері 13-ші рет ұйымдастырылып отыр. Салтанатты шеруге табиғатты қорғау мекемелері мен облыстық экологиялық орталықтың басшылары, зиялы қауым өкілдері мен «Жас Ұлан» әскери мектебі арнайы қатысты. Акция «Табиғат гүлденуі» атты заманауи флеш-мобпен басталып, мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Алишер Османов- Төлеби ауданының тұрғыны

 Туған өлке экологиялық клубы арқылы көп іс-шаралар табиғат қорғауға жастарды табиғатты қорғауға, отанымызды сүюге үйретеміз.

«Сайрам-Өгем» ұлттық паркі – 2006 жылы ашылған. Оған Түлкібас, Төле би және Қазығұрт аудандарының ең көрікті жерлері енеді. Жануарлар мен өсімдіктер әлеміне де бай. Құстардың 300-ге жуық, сүтқоректілердің 60-тан астам түрі мекендейді.

Алатау Қыстаубаев- Төлеби ауданының тұрғыны

Облыста орман шаруашылығында таулы аймақтар бар. Шөлді аймақтар бар. Сары өзенінің бойындағы ормандар бар.

 Жер бетінен жойылуға шақ тұрған өсімдіктер мен жан-жануарларды қорғау –  әр адамның  міндеті. Бұл ретте, еліміздегі экологиялық туризмді дамытуда да маңызды. Парктер шеруі  алдағы уақытта еліміздің басқада аудандарында жалғасын табады.

 

Ұ.Байниязова     

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар