ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНЕ 7 ҮМІТКЕР ІРІКТЕЛДІ

17:31, 17 қараша 2020

2021 жылы Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттар корпусы 70 пайызға жаңарады. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс 40- конференциясында белгілі болды. Сонымен қатар Парламент мәжілісінің депутаттығына бөлінген 7 мандат үшін үміткерлер өзара бақ сынады.

Облысымыздағы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 320 мандат бар.  Оның 275-і аудандық және қалалық мәслихаттарға, 45 депутат облыстық мәслихатқа сайланбақ. «Nur Otan» партиясы 45 орынға 84 кандидаттың тізімін ұсынып, ол бірауыздан бекітілді.  Бұған дейін облыстық мәслихатта 1 ғана әйел депутат болды. Енді әйелдердің саны 30 пайызға дейін артады. Ал қазіргі шақырылымда 35 жасқа дейін бірде-бір депутат жоқ болса, енді ол 20 пайызға артпақ.

 

Бейсен Тәжібаев- «NurOtan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Праймериз жоғары деңгейде өтті. 1073 үміткер қатысты. Праймериздің өтуі жөнінен біздің облыс жоғары орында тұр. Өткенде аудандық деңгеуде конференциялар өткізіліп аудандық деңгейдегі мәслихаттарға депуттаттар резерві жасақталды. Қазіргші таңда біз облыстық мәслихатқа резерв жасақтаймыз.

 

Бүгінгі конференцияда парламент мәжілісіне облысымыздан бөлінген 7 мандатқа үміткерлер дебатқа түсті. 23 үміткер өздерінің бағдарламаларын ұсынды.  

 

Өмірзақ Шөкеев- «NurOtan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасы, Түркістан облысының әкімі

Конференцияға қатысқан делегаттар арнайы кабиналарда «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы электронды форматта дауыс берді. Нәтижесінде Қайнар Абасов,  Құдайберген Ержан  Сырым Ертаев   Мөлдір Бақытжанова, Гүлжан Құрманбекова Хайрулла Қожабаев және Ұлжанат Жұрымбетова  делегаттардың сеніміне ие болып, үздік атанды. Көп дауыс жинаған кандидаттар ҚР Парламенті Мәжілісінің өңірлік квотасына сәйкес партиялық тізімге енгізу үшін  Съезге ұсынылады.

 

Н.Кенжехан                           

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар