ШҰҒЫЛ! ЖАНЖАЛ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТ АЛДЫ Толығырақ

Партия ауқымды жұмыстар атқаруда

16:43, 13 тамыз 2020

Түркістанда онлайн форматта «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХIХ конференциясы өтті. Конференцияға Түркістан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен саяси кеңес мүшелері қатысты. Ал аудандар мен қаладағы партия өкілдері жиынға онлайн режимде қосылды.

 Конференцияда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларын баяндады. Партияның облыстық филиалы биыл ауқымды жұмыстар атқарып, игі істерге бастамашыл бола білді. 

Бейсенбай Тәжібаев–«Nur Otan» партиясы  Түркістан облыстық флиалы төрағасының бірінші орынбасары

«Jas Otan» ЖҚ белсенділерінен еріктілер жасақталып, мұқтаж отбасыларға «Есіктен – есікке» принципі бойынша азық-түлік себеттері таратылды. Жалпы акция аясында 43540 отбасына азық-түлік себеттері берілген. Оған облыс кәсіпкерлері, партия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары үлес қосты. Түркістан облысы көмек көрсетілген азаматтар саны жағынан республикада 2-орынға шықты.

 Өмірзақ  Шөкеев Түркістан облысының әкімі

  Партия  төтенше жағдай  мен карантин кезінде де өзінің халықпен бірге екендігін көрсете білді.   Тұрғындар партияның бұл  қамқорлықтарына ризашылықтарын білдіріп жатыр.    Бүгінде өңірде праймеризге дайындық жүргізіліп жатыр. Дауыс беруге «Nur Otan» партиясының 80720 мүшесі қатысады деп жоспарлануда. Дебаттарды өткізуге және дауыс беруге арналған 209 орын белгіленді.

Тақырып бойынша материалдар

«ДҮЙСЕНБІЛІК ФУТБОЛ» ТУРНИРІНЕ 12 КОМАНДА ҚАТЫСТЫ
15:04, 28 қыркүйек 2020
«ДҮЙСЕНБІЛІК ФУТБОЛ» ТУРНИРІНЕ 12 КОМАНДА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...