ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯ ЖАЛҒАСУДА

20:12, 29 қараша 2019

Түркістанда «Nur Оtan» партиясы қолға алған «Менің туым, Менің Отаным» патриоттық акциясы жалғасуда. Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шара аясында облыс орталығындағы халықаралық автобекет алдына ту тұғыр орнатылып, онда мемлекеттік көк байрағымыз желбіреді.

Рәміздерді ұлықтау шарасына облыстық мәслихат хатшысымен «Nur Оtan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және жастар қатысты. Шара кезінде, аға буын өкілдері жастарды елдіктің белгілерін құрметтеуге шақырды. Сондай-ақ, ел аумағын тұтас қамтыған акцияның міндет мақсатына тоқталды. Негізінде «Nur Оtan»  партиясы қолға алған шараның мақсаты мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Халық арасында елдік белгілердің беделін биік ету. Сол мақсатта акция басталғалы облыс көлемінде бірнеше қоғамдық орындар мен туристік нысан және сауда, ойын-сауық орталықтарының алдында, ту тұғырлар орнатылып, көк байрағымыз биікке көтерілді.

Қайрат Балабиев – облыстық мәслихат хатшысы

Түркістанға кіріп жатқан кездегі ең бірінші туымыз осы жерде Түркістанның ең кіреберіс жерінде. Сондықтан да  Түркістанымыз жасай берсін!  Сондықтан мынау Түркістанымыз көркейіп дами берсін. Келешегіміз өте мықты болады.

М. Жарылқасын  

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...