ШҰҒЫЛ! ТЕГІН БЕРІЛЕТІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ САТҚАН Толығырақ

ПНЕВМОНИЯ ҚАУІПТІ

14:49, 25 маусым 2020

Түркістан облысында пневмония дертіне шалдыққандар саны әлемді алаңдатқан «тәжвирусын» жұқтырғандардан екі есеге асып кетті. Статистикаға сүйенсек қазір өңірдегі ауруханаларда 958 науқас нақ осы диагнозбен ем қабылдап жатыр. Осы уақытқа дейін 198 азамат жазылып шықса, 23 адам өкпенің қабынып кетуінен көз жұмған. Егер қайтыс болғандарға қатысты статистиканы салыстырып қарасақ жұрт жәй «тұмау» деп қарайтын дерттен қаза болғандар саны корорнавирустен көз жұмғандардан үш есеге жоғары. Осыған байланысты Түркістанда арнайы баспасөз мәслихаты өтті.

 «Жау жағадан алғанда бөрі етектен»- демекші, жұрт жаппай коронавируспен күресіп жатқанда өңірде пневмония белең алып кеткен көрінеді. Оған қазір ауруханаларда жатқан азаматтар санының көптігі дәлел бола алады. Дәрігерлер қызметіне жүгінушілер санының шектен тыс артуына байланысты облыс орталығы мен Кентау қалаларында науқастарды жоспарлы ауруханаға жатқызу уақытша тоқтатылған. Аталған қалалардағы емханаларға тек жедел жәрдеммен келген науқастар жатқызылуда.

Марат Пашимов -  облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы

Ауруханаларда науқастарға төсек-орын жеткілікті. Кентау қалалық ауруханасында 50 орын және сынама қорытындысы шыққанға дейін жататын 200 орын, сонымен қатар оттегі сынамасы бар 10 орын дайындалды. Түркістанда 270 орын дайындалды.

Тығырықтан шығу үшін Түркістанда жекменшік клиникалардың да мүмкіндіктері пайдаланылып жатқан көрінеді. Қолда бар мәліметке сүйенсек, ондай орталықтардан 130 төсек орын әзірленген. Ол жерлерге сол клиникаға тіркелген азаматтар жатқызылады. Облыстың бас дәрігері Марат Орынбасарұлының айтуынша өңірде коронавирусқа қатысты шараларда күшейтілген.

Марат Пашимов -  облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы

Енді коронавирус басталған кезде Түркістан облысында 400-ге дейін провизорлық орындар болған болса, оның санын 1100-жеткіздік. Басталған кезде 4 жерде инфекциялық госпиталь болған 270 орындық, қазір 450-орынға апардық. Қосымша Арыс қаласында, Бәйдібек ауданында, Сайрам ауданында, Ордабасы ауданында инфекционный ашылды.

Сонымен қатар соңғы уақытта әлеуметтік желілерде ауруханаларда дәрі-дәрмектің жетпей жатқаны туралы да ақпараттар желдей ескен еді. Басқарма басшысы ол бойынша да жауап берді. Айтуынша науқастар санының артуына байланысты бір айға жоспарланған дәрілер мерзімінен бұрын біткен. Қазір келесі айға жоспарланған препараттар жеткізхіліп жатқан көрінеді.

М. Жарылқасын                   

Тақырып бойынша материалдар

БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
19:35, 7 шілде 2020
БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
15:40, 2 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
16:30, 2 шілде 2020
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
Толығырақ...
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ  КАРАНТИН
16:32, 2 шілде 2020
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН
Толығырақ...