ШҰҒЫЛ! АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН Толығырақ

ПОЙЫЗ БИЛЕТТЕРІНІҢ ҚҰНЫ ТОЛЫҚ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

16:44, 20 наурыз 2020

Төтенше жағдай жарияланып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантинге жабылғандықтан, Шымкенттіктер жаппай теміржол билеттерін тапсырып жатыр. Қазір елімізде 9 халықаралық бағыттағы темір жол қатынасы тоқтатылған, олардың 6-ы Шымкент бекетінен өтетін пойыздар. Ішкі рейстер бойынша мәселе әлі талқыланып жатыр. Ал,жолаушылар тасымалы қызметі барлық билеттердің бағасын, айыппұлсыз, 100 пайыз қайтарамыз, деп отыр. Кассалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Дүниені дүрліктірген дерттің салдарынан Шымкент темір жол вокзалынан өтетін барлық халықаралық бағыттағы пойыздарға тосқауыл қойылды. Олардың бірі уақытша жұмысын тоқтатса, енді бірінің бағыты қысқартылған.   Шымкент теміржол вокзалы арқылы жалпы 25 бағыттағы пойыз жүреді. Олардың 6-ы халықаралық.

Ерғали Мырзахмет – Шымкент теміржол вокзалының басшысы

Жолаушылар пойызының 3 бағыты тоқтады. Ал, 2 бағыт жүру кескесі қыстқартылды.

Бүгінде бір ғана тәжді вирустың кесірі барша жұртшылыққа тиіп жатыр. Мәселен, осыдан бірнеше айлар бұрын сапарын жоспарлап қойған азаматтар еріксіз билеттерін қайтаруға мәжбүр. Осы тұрғыда вокзал қызметкерлері жолаушыларды алаңдамауға шақырады. Карантин жарияланған Нұр-Сұлтан, Алматы бағыттарына сатып алынған билеттердің қаржысы жүз пайыз қайтарылады.

Света Утеулиева – Анықтама бөлімінің қызметкері

Жолаушылардың алаңдамауын өтінеміз. Вокзалға келсе барлық ақшалары 100 пайызға қайтарылады.

Сонымен қатар, вокзал іші күнделікті дезинфекциялық тазалаудан өтіп тұрады. Қызметкерлер маскалық режимге көшкен. Ғимаратта жолаушылар үшін арнайы антисептикалық препараттар орнатылған.

Перизат Ортай                                              

Тақырып бойынша материалдар

СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
15:40, 2 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
16:30, 2 шілде 2020
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
Толығырақ...
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТЫЛДЫ
16:36, 2 шілде 2020
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...