ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛҒАН КЕЛІНШЕКТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНАН ТАПТЫ

16:27, 11 қаңтар 2021

2020 жылдың 31 желтоқсаны күні Шымкент қаласының тұрғыны Бахтиярова Айсұлу Серікбайқызы жұмысқа кетіп, үйіне қайта оралмаған. Аталған жайт бойынша Шымкент ҚПД Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан, Алматы қаласындағы әріптестерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында, із-түссіз жоғалған келіншекті 2021 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласынан тапты.

Оның денсаулығына және өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу барысында оның отбасылық жанжалға байланысты кетіп қалғаны анықталды. 2020 жылдың 10 қаңтарында полицейлер аталған азаматшаны Шымкент қаласына алып келіп, жанұясына қайтарды.Өз кезегінде жергілікті тұрғын із-түссіз жоғалған жұбайын тауып бергені үшін полицейлерге алғысын жеткізді,деп хабарлады Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
18:38, 20 қаңтар 2021
ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:35, 20 қаңтар 2021
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар