ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫНА ОРАЛДЫ

16:48, 2 маусым 2020

Төтенше жағдай режимінде қала аумағындағы санитарлық бұғаттау бекеттерінде 78 тәулік бойы жұмыс істеген тәртіп сақшылары отбасыларымен қауышты. Тіпті, кейбірі қауіпті дерттен сақтанып, үйлеріне бармаған. Олар қаладағы 18 бұғаттау бекеттерімен, маңызды объектілерді, сондай-ақ, медициналық мекемелер мен карантиндік аймақтарды күзетті.

Мәди Рысбек қауіпті індетпен күресте «Бадам» бұғаттау бекетінде алғашқы күннен бастап  жұмыс істеген. Әл-фараби аудандық полиция басқармасында тергеуші болып қызмет атқаратын ол, бала-шағасының қауіпсіздігі үшін үйіне де барудан бас тартыпты. Қауіп сейіліп барлық қиындықтар артта қалған  соң,  отбасымен қауышуға асық. Балаларымен екі жарым ай бойы әлеуметтік желі арқылы тілдескен тәртіп сақшысы сағынышымды айтып жеткізе алмаймын, дейді. 

Мади Рысбек - Шымкент қаласы Полиция департаменті  Әл-Фараби АПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры

2020 жылдың 4 айының қорытындысымен тергеуші қылмыстық істерді сотқа жолдау бойынша, алдынғы қатардан көрінген. Үздік қызметкерге артылатын жүктің ауыр екендігін жары Айнұр да жақсы түсінеді. Үнемі отағасына қолдау көрсетіп келеді.

Айнұр Қадырбердиева  - Мади Рысбектің жары

Шаһар халқының қауіпсіздігі үшін қойылған блок бекеттерден осы уақытқа дейін 220 711 автокөлік кіріп-шыққан. Тексеріс нәтижесінде 89 631 көліктің өтуіне рұқсат берілмеген.  Ал, арнайы «Сергек» базасына тіркелген 131 080 көліктің қала ішінде еркін жүріп тұрды. Екі жарым ай бойы бұғаттау бекеттерінде күн-түн демей еңбек еткен тәртіп сақшыларына  қала әкімі Мұрат Әйтеновтің арнайы барып өз ризашылығын білдірді. 

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі

Төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция мен Ұлттық ұлан жасақтары көшелер, саябақтар мен аулаларды, сауда нысандарына да бақылау жасады. Өзін-өзі оқшаулау және шектеу тәртібі тәртіп сақшыларының жұмыс режимін күшейтті. Нәтижесінде, қаладағы  қылмыс саны 42,8 пайызға төмендеген.

Ералы Жумаханбетов, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал майоры

«Полиция департаментінің 1000-ға жуық  қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Арнайы жабдықталған 200 автокөлік жұмылдырылды. Халық пен полицейлердің бірге екеніне өздеріңізде куә болдыңыздар. Ірі-ірі 27 кәсіпкер  15-20 күннен постта тұрған қызметкерлерді тамақтандырды. Сенімге селкеу түсірмеу үшін құзырлы орган қызметкерлері абыройлы қызмет атқара беретін боламыз».

Карантин кезінде тәртіп сақшыларына бағынбаған 12 тұлғаға қатысты қылмыстық іс-қозғалған. Тергеліп жатқан азаматтың 4-еуіне ҚР Қылмыстық Кодекстің 378 бабы яғни, билік өкілін қорлау бойынша айып тағылса, 3 тұлға билік өкіліне бағынбағаны үшін, 5 адам тәртіп сақшыларына күш қолданғаны үшін жауапқа тартылған. Мұндай  күшейтілген режимде полиция және ІІМ-нің өзге де құрылымдары  алғаш рет жұмыс істеді.

Г. Асқарқызы 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
12:32, 16 шілде 2020
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...