ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ПОШТАШЫЛАР КҮНІ

17:07, 9 қазан 2019

9 қазан дүниежүзілік пошта қызметкерлерінің төл мерекесі. Сондай-ақ дәл осы күні газет-журналдарға жазылушылар күні де қатар тойланады. Мерекеге орай «Қазпочта» облыстық филиалы салтанатты іс-шарасы ұйымдастырды. Онда түрлі ойындар өтікізіліп, жеңімпаздар басылмыға тегін жазылу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақ поштасының өзіндік тарихы бар. Хабар алмасу, хат тасымалдау,ақпарат берусекілді қызметтердің тамыры тереңде жатыр. Қазіргі таңда Түркістан облысымен Шымкент қаласының өзінде «Қазпоштаның» 415 филиалы жұмыс істейді. Онда коммуналдық қызметтер мен айыппұлдарды төлеу, сәлемдемелерді қабылдау және жіберу сынды қызмет түрлері бар.

Бақытжан Ысқақ – «Қазпочта» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры

Биыл бізге 26 жыл толып отыр. Қазақстан поштасына. Ол енді мынау Байланыс саласынан бөлінгелі.. 1860 жылдан біздің тарихымыз тереңде жатыр....)

Мекеме  кеңселері арқылы кез-келген несиені төлеуге, темір жол және әуе билеттерін сатып алуға болады. Сонымен қатар «Қазпочта» төлем карталарының көмегімен жалақы, зейнетақы және жәрдемақы алуға мүмкіндік бар. Бұл тізім осымен шектелмейді. Бүгінде Қазақстан  поштасы дамудың жаңа бағытында көптеген жұмыстар атқаруда.

Сабырбек Олжабай – Оңтүстік Қазақстан газетінің тілшісі

Бұл енді біздің бала күнімізден жақсы көретін мерекеміз. Өйткені, біздің заманымызда хат тасушылар ең ардақты жұмыс тұғын. Поштамен бірге үйге хат-хабар келеді, қуаныш келеді. 00:48 Ұрып кетті, соғып кетті деген жайсыз хабарларды күнде тыңдай бергенге адамның психологиясы бұзылады. Ал, енді байыпты, салмақты жазылған мақалаларды газеттен табасыздар.

Мереке аясында келушілерге түрлі конкурстар ұйымдастырылды. Пошта саласының ардагерлері де назардан тыс қалмады.Елеулі еңбектері үшін  қызметкерлерге  сыйлықтар табыс етілді.

М. Жорабай                        


 

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...