ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР АРЫС ҚАЛАСЫНА БАРДЫ

15:33, 11 шілде 2019

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына арнайы барды. Ондағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Үкімет басшысы өңірлік штабтар жұмысын тексеріп, «Көктем-1», «Көктем-2» ықшамаудандарындағы нысандардың қалпына келтірілу қарқынын көрді.

Арыста  676 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары аяқталған. Қазіргі кезде барлық секторлар жұмыстармен қамылған.  3 040 жеке тұрғын үй құрылысы мен көпқабатты тұрғын үйлер нысандарында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 190 құрылыс компаниясы, 5 мыңға жуық құрылысшылар мен 207 арнайы техника жұмылдырылған.

Гүлнара Момынова – Арыс қаласының тұрғыны

Рахмет міне басталды. Орынның бәрін тазалап кірпіш алып келеді екен. Соларды қойып қайтадан тұрғызып, қалпына келтіріп берсе соған ырзамын. 

Үкімет басшысы зардап шеккен бизнес нысандарын, көлік және инженерлік инфрақұрылымды уақытылы қалпына келтіруді тиісті сала өкілдеріне тапсырды.Медициналық қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауды және білім беру нысандарын жаңа оқу жылына дейін  дайындауды қадап айтты.Сонымен қатар  арыстықтардың апат кезінде жоғалған құжаттарын  тегін жасап беру керектігін ескертті.

Айдар Ысқақов – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Арыс қалалық бөлімінің басшысы

Үй жайлары толық өртенген азаматтардың жеке куәліктері мен төл құжаттары тегін жасалып жатыр. Сонымен бірге өртенген туу туралы куәліктері мен неке құжаттары да тегін жасалып жатыр.

Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша  66 нысанда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде  денсаулық сақтау, білім беру, спорт ғимараттары бар.Әсіресе қалалық аурухананы қалпына келтіру мәселесі өзекті. Апат кезінде аурухананығ тек қабырғасы қаусаған жоқ. Медициналық құрал жабдықтарға да көп зақым келген.

Ерғали Әлімбаев – Арыс қаласы орталық ауруханасының бас дәрігері

Біздің қондырғыларымыз нәзік келеді. Сондықтан қондырғыларымыз қатты зақымданған. Солардың бәрі тексеруден өтіп жатыр. Бүгінгі таңда 300-ден астам қондырғы есептеліп, қаралып жатыр. 

 

Асқар Мамин қаланы қалпына келтіру жұмыстарына еліміздің барлық өңірлері, ұлттық компаниялар, ірі бизнес өкілдері белсенді қатысып жатқанын тілге тиек етті.  Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша барлық негізгі  жұмыстар 1 тамызға дейін аяқталуы тиіс екендігін ескертті.

К. Дүйсенбі 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар