ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ КӨМЕКШІСІ ШЫМКЕНТТЕ

18:50, 29 қараша 2019

ҚР Президенті көмекшісі, өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкентке іс –сапармен келді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қоғамдық кеңес және Азаматтық Альянс өкілдерімен кездесті. Жиында білім, медицина, кәсіпкерлік, үкіметтік емес ұйымдар жөнінде әңгіме өрбіді.

Жиында билік пен қоғам арасында тұрақты диолог орнату мәселесіне екпін берілді.  Халық ойын еркін, қамықпен жеткізуі тиіс. Осы мақсатта Шымкент қалалық қоғамдық кеңес өкілдері ағымдағы жылы таза ауыз сумен қамту, көпбалалы аналарға жағдай жасауға ден қойды. Қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыру баршаға ортақ міндет деді жиынға қатысушылар.

Аида Балаева - ҚР Президентінің көмекшісі

Нәтиже бар. Жоқ емес. Әрбір облыста бар. Республика деңгейінде бар. Ең бастысы жұмыс жэандану үшін көкейтесті мәселелерді жасырмай айтып, шешімін бірге табамыз деген ойдамын.

Дария Қожамжарова – М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

Біздің қазақ халқына тиесілі мәселені айтқым келіп отыр. Бұл Абайдың қара сөздеріне қарасты. Біз Абайдың қарасөздерін айтқанда жалпылама айтып, 38 ара сөзге ерекше мән беруді ұмытып кетеміз.

Түркістан облысында 700-ден аса үкіметтік емес ұйым тіркелген. Дегенмен, оның 190-ынан өзгесінің белсенділігі төмен. Мемлекет қазынасынан бөлінген қаражаттың қалай игерілгені де жария емес. Сол себепті, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын қадағалауды жолға қою мәселесі тілге тиек етілді.

Жамалбек Шәріпбек – Түркістан облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы

Облыс орталығы мен Шымкент бөлінгеннен кейін, шын мәнінде үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибелі, белсенділерінің бәрі Шымкентте қалып кетті. Мықты азаматтар көп. Министрліктен тікелей бөлінетін қаржы 600 млн. теңге, облыс көлемінен 60-70 млн. теңге бөлінеді.

Жиында өңірдегі кәсіпкерлік саласы да ерекше екшелді. Шағын және орта бизнес өкілдерінің үштен бірі - Шымкентте. Оған қоса Өзбекстанмен шектес. Тауар бағасында бәсеке бар. Сондықтан нарыққа төтеп бергені ғана қалады.

Д.Өмірзақова 

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...