ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ САПАРЫ ТҮРКІСТАННАН БАСТАЛДЫ

19:19, 23 наурыз 2019

Президент сапары Түркістаннан басталды. Бүгін арнайы жұмыс сапарымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына келді. Мемлекет басшысы әуелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін жаңғырту жобасын көрді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы облыс орталығындағы салынып жатқан бірнеше нысанның құрылысын көрді. Атап айтқанда Президент «Ұлы Дала елі» орталығы, облыстық әкімдік пен басқармалар ғимаратының, және Конгресс холл, Медиаорталық, тұрғын-үйлер сынды құрылыс алаңдарын аралады. Соңында облыс активімен зиялы қауым өкілдерінің басын қосып алқалы жиын өткізді. Онда мемлекет басшысы алдағы атқарылар шаруаларды баяндады. Жергілікті атқарушы билік өкілдеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Түркістанға табан тіреген Мемлекет басшысы ең әуелі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып, тарихи орын тынысымен танысты.  «Әзірет-Сұлтан» қорық-музейінің археологиялық және архитектуралық ескерткіштерін тамашалады. Сонымен қатар, кесене маңын туристік аймаққа айналдыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қанықты. Айтып өтейік, кесене маңында келешекте туристер үшін тартымдылығы жоғары 9 нысан салынады. Соның бірі жалпы аумағы 1,32 гектарды құрайтын «Ұлы Дала елі» орталығы. Атырау облысы тарту ететін ғимарат 2020 жылы пайдалануға беріледі.

Сапар барысында Президент жақында ғана пайдалануға берілген жастар орталығына да ат басын бұрды. Онда мемлекет басшысы өңірдің белсенді жастармен кездесіп, олар үшін жасалған жағдайды білді. Бұл  орталықта «Жастарға қызмет көрсету» бөлімі, «Еріктілер клубы», «Жас сарбаз», «Тілдер мектебі» жұмыс істейді.  «TURKISTAN HUB» коворкинг орталығы да осында. Осындай мүмкіндіктерге ие орталық бір уақытта 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті

Біздің елімізде бәсекеге қабілетті әрі талантты жастар көп. Сондықтан, осындай креативті жастарға кеңінен жол ашып, жағдай жасау керек. Олар жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсайды деп сенеміз.

Бүгінде тарихи шаһар  алып құрылыс алаңына айналған. Қазір облыс орталығында жаңа қала бой тіктеп жатыр. Алғашқы ғимараттар осы жылы пайдалануға беріле бастайды. Атап айтқан биыл Түркістанда облыстық әкімдік пен басқармалар ғимаратының және медиа орталықтың  құрылысы аяқталады. Ол нысандар жайында Президентке облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев  баяндады. Сонымен қатар осы жылы облыс орталығында мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалпы аумағы 96 200 шаршы метрді құрайтын 1560 пәтерлік 26 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Ал, Қожа Ахмет Яссауи университетінің мәдениет сарайында өткен алқалы жиында Мемлекет басшысы алдымен халықтың ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Одан кейін алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды баяндады. Президент сөзінше бұдан былай  елімізде заң үстемдігі салтанат құрып, азаматтардың арыз-шағымына көп көңіл бөлінеді. Әділ әрі тиімді мемлекеттік қызмет құру ісіне басымдық беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті

Сондықтан басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. Жылына бір рет ұйымдастырылатын есеп беру кездесулері – көзбояушылық. Халықпен күн сайын бірге болып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек.Осы мәселеге байланысты бұл слада көп жұмыс істелді. Оны әрі қарай жандандыра түсу қажет. Жемқорлықпен күрес күшейе түседі.

Келешекте мемлекет қаражатын үнемдеу мәселесіне басымдық беріледі. Әсіресе жергілікті билік тарапынан қаржыны оңды-солды шашуға шектеу қойылады. Мемлекеттің әрбір тиыны азаматтардың жайлы өмір сүруі мен мемлекет даму үшін жұмсалатын болады.

 Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті

Мен Үкіметке, әкімдерге осындай тапсырма жүктеймін. Ысырапшылыққа мемлекет деңгейінде тосқауыл қоюымыз қажет. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторлары – дені сау ұлт, денсаулық сақтау саласын дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру. Мемлекеттік шығыстардың басты міндеті – қарапайым адамдардың мәселелерін шешу. Тұрғындарымызға таза ауыз су, баспана, жұмыс орындары, жайлы өмір үшін инфрақұрылым қажет.

«Жастар жылы»  аясында ел ертеңі болар буынға да қолдау көп болады. Себебі, біздің ел келешекте кемеңгер көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы салған сара жолмен өз дамуын жалғастырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті

Менің Президент ретіндегі негізгі ұстанымым әрі көзқарасым, ең алдымен, сабақтастық, яғни Елбасы саясатын жалғастыру. Сабақтастық жоқ жерде тұрақтылық болмайды. Тек дағдарыс, тіпті жанжал, қақтығыс қана болады.Бұл – бүкіл әлемнің дәлелденген тарихи тәжірибесі. Екінші ұстанымым, бұл – әділеттілік. Әділеттілік жоқ қоғам ешқашан дамымайды. Тек қана қиыншылық, тауқымет, құлдырау болады. Үшінші ұстанымым – ілгерілеу. Қазақстан бәсекелестікке толы әлемде тек қана алға жылжуды көздейді.

Жиында өңірдің зиялы қауым өкілдері де сөз алды. Олар өзінің алғашқы сапарын тарихи шаһардан бастаған мемлекет басшысына ақжарма  тілектерін жеткізді.

Маржан Есжанова – ақын

 

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...