Прокурор түркістандықтармен сырласты

Елімізде орын алған қылмыстық оқиғалардың 60 пайызы маскүнемдіктің салдарынан болатын көрінеді. Сала мамандары осы олқылықтың алдын алу мақсатында Түркістан қаласының тұрғындарымен жүздесті. «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы желісімен әлеуметтік бюро науқанын өткізді.

18:02, 10 тамыз 2017   77

     Бұл күні орталықтағы «Қуаныш» базарына жиылғандардың қарасы қалың. Сала мамандары осы орталықтың сатушылары мен қала тұрғындарына өз құқықтары жөнінде кең мағлұмат берді.

     Отан  отбасынан басталады. Ыстық ұяның шаттыққа толы ең алдымен, ата-анаға байланысты. Сондықтан да отбасы мүшелерінің нашақорлық пен маскүнемдікке әуестігінің алдын алғанымыз абзал, - дейді бастама жетекшілері.

     Күн ұзаққа жалғасқан шара барысында отбасының негізгі тірегі әке мен шаңырақ ұйытқысы ананың саулығы да кеңінен айтылды. Жергілікті тұрғындарға кеңес беріліп, Қазақстанның кемел келешегі жолындағы келелі міндеттер екшелді.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы 

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07