ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС КӨМЕГІНЕ 47 000-ДАЙ АЗАМАТ ЖҮГІНГЕН

19:03, 20 қараша 2020

Жыл басынан бері Шымкент қалалық жастар орталығындағы психологиялық кеңес көмегіне 47 000-дай азамат жүгінген. Олардың дені қоғаммен дұрыс қарымқатынас орната алмағандар. Күйзеліске түскендердің мәселесін мамандар онлайн тыңдайды. Қажеттілік туындаса жеке қабылдау өткізеді. Кеңесін беріп, дұрыс жол көрсетеді. Жалпы жастардың алтын уақытты босқа өткізу күйзеліске алып келуі мүмкін,дейді мамандар.

Бүгінде «Бақытты мекен» жобасы аясында жастарға психологиялық кеңес беріледі. Осы уақытқа дейін 97 азаматқа  жеке қабылдау өткізген. Олардың ата-аналарымен де байланыс орнатылады.

Нұргүл Намұратов - «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы

Орталық көмегіне жүгінетін жастардың басым бөлігі қоғаммен байланыс орната алмайды. Жастарға жаңа ортаға бейімделу қиынға соғады.  Сол себепті,  мамандар  көмек сұрағандарды өзгелермен тіл табыса білуге, ортаға бейімделуге баулиды. Өз-өзін үнемі дамыту күйзеліске бой бермеудің негізгі тетігі. 

Нұргүл Намұратов - «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы

Орталық мамандары әр аптаның дүйсенбі күні тәжірибелі мамандармен онлайн жиын өткізеді. Тікелей эфирде жастар психологтарға көкейдегі сауалын жолдай алады.  Бұдан бөлек әлеуметтік желіде оқырмандардан аптасына 1 рет психологиялық тест алынады.

Д.Өмірзақова                                                                                   

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар