ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ  

13:53, 16 қазан 2020

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты соңғы уақытта өңірімізде қан тапсырушылардың қатары азайған. Мәселен, бұрындары бір күнде 50-60 адам қан тапсыратын болса бүгінде олардың саны 50 пайызға азайған. Бұл алдағы уақытта тапшылық тудыруы мүмкін. Осыны ескерген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнайы акция ұйымдастырды. Аталған шара бойынша департаменттің 100-ден астам қызметкері қан тапсырды.

Асқардың бұл салада еңбек етіп жүргеніне 4 жылдан асты. Осы уақыт аралығында төтенше жағдайға тап болған талай жанға қол ол ұшын созып көмектесті. Бүгінгі акцияға да өз еркімен келіп қатысып отыр. Ондағы ойы қанға мұқтаж жандарға жәрдем беру.
Асқар Шәріп – облыстық ТЖД ақпараттандыру және байланыс бөлімшесінің аға инженері   00:46 біз Еліміздегі әрбір тұрғынның қауіпсіздігіне алаңдайтын төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, тек төтенше жағдай кезінде ғана емес соынмен қатар медициналық тұрғыдан да қорғауға әр қашан дайынбыз.
 Негізінде сұранысты толық қанағаттандыру үшін еліміз бойынша әр мың адам үшін жылына 50-60 азамат тұрақты түрде қан тапсыруы керек. Бірақ бізде қазір ол көрсеткіш 50 пайыз төңірегінде. Сондықтан мамандар «мұндай акциялар жиі ұйымдастырылып тұрса жақсы болар еді»  - дейді.
Талғат Бекназаров  - Шымкент қалалық қан орталығы Түркістан филиалының жауапты дәрігері  01:35 Елімізде індет болып жатыр білесіздер. Сол індетке байланысты қан тапсырушылар бірден азайып кетті. Бірақ енді ауруханаларға қанды жеткізіп жатырмыз. Осындай акциялар жалғасып жатса дұр үстіне нұр болады.
Акция екі күнге жоспарланған. Осы уақыт ішінде департаменттің 100-ден астам маманы қан тапсырады. Оның барлығы алдымен жіті тексеріліп кейін қоймаға жөнелтіледі. Ол жерде белгілі температурада сақталып кейін сұранысқа қарай өңірдегі ауруханаларға жөнелтіледі.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...