ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ

15:57, 16 мамыр 2019

Бүгін "Jas Túrkіstan-2019" республикалық балалар шығармашылық марафонының алғашқы күні өтті. Оған еліміздегі жасөспірімдер басылымдарының бас редакторлары, балалар ақындары мен жазушылары, сондай-ақ, анимация және аударма саласының өкілдері қатысты. Жиында «Сақ» киностудиясы түсірген «Түркістан» анимациялық фильмі көрермен қауымға жол тартты.

 Шығармашылық марафоны аясында республикалық және өңірлік басылымдардың көрмесі ұйымдастырылды. Редакторлар мен қаламгерлер оқушыларға ұстаздарға және кішкентай оқырмандарға басылымдарын таныстырып, пікір алмасты. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев арнайы қатысып,  балаларды рухани бай етіп өсіру маңызды екенін атап өтті.

 Мәлік Отарбаев – Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Біз балаларды жан-жақты дамыту,  құқығын қорғау, ізгілікке, шығармашылыққа бейімдеу бағытындағы жұмыстарды күшейтуіміз керек. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарының, балалар әдебиетінің, анимация саласының маңызы жоғары. Әлеуметтік желілерде, сайттарда бала дүниетанымына оң әсер ететін дүниелерді көбейту мәселесі де өзекті. Жасөспірімдерді қатыгездікке шақыратын, ой-өрісін, жан-дүниесін бұзатын керітартпа ақпарат көздерін шектеуіміз қажет. Бұған қарсы тұру үшін бүгінгі жиынға қатысып отырған шығармашылық өкілдері мен жергілікті билік күш біріктіргені жөн. "Jas Túrkіstan-2019" балалар шығармашылық марафонын өткізудегі мақсатымыз да – осы.

Бүгінде балалар әдебиетіне бет бұрғандар саусақпен санарлық.  Сондықтан  жас жеткіншектердің психологиясын терең меңгере отырып, қазақ тілінің сапасын арттыру аса маңызды. Кездесуде  балақайлар мен жеткіншектерге арналған сайттарды дамыту, оларды жатпиғылды ақпараттардан қорғау мәселелері қозғалып, секциялық отырыстар өткізілді.

 Азамат Битан – Talbesik.kz сайтының  бас редакторы

Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында «Сақ» киностудиясының тағы бір төл туындысы жарыққа шықты. «Түркістан» деп аталатын  анимациялық фильм балаларды туған жерге, тарихқа деген құрметін қалыптастыруға арналған. Маңызды марафонның екінші күні Келес ауданының орталығы Абайда өтпек.

М.ӘСЕМБЕК     

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
17:52, 21 мамыр 2019
САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
13:44, 16 мамыр 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
11:40, 17 мамыр 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
Толығырақ...