ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

«RIXOS» ҚОНАҚ ҮЙІНДЕГІ «ҚЫСҚЫ БАЛ»

12:35, 18 ақпан 2019

Жастар жылында жасалып жатқан игі іс көп. Шымкент қаласындағы Риксос қонақ үйінде «Қысқы бал» өтті. Мерекелік кеште №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейінің бітіруші түлектері мен №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері өнерін ортаға салды.

Шараның басты мақсаты – мектеп оқушылары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері арасындағы байланысты нығайту.  Қысқы балда 30 жұп  өнер көрсетті. Ұйымдастырушылар дайындықты 1 ай бұрын бастап, бүгінге дейін балалар бір-бірімен етене араласып кеткен. Полька, блюз және қазақ вальсіне өнер көрсеткен балалар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Аталмыш жиынға жиналған жұрт әсем ән тыңдап, керемет бидің куәсі болды. Ұзақ уақыт ыстық ықыласпен қол шапалақтап, жұптары жарасқан қыз-жігіттерге қошеметтерін аямады. Алдағы уақытта мұндай салтанатты жиындар дәстүрге айналуы мүмкін.

 Тастанбек Рысдаулетұлы – БҰҰ мүшесі

«Бұлақ - тастан, өнер – жастан», - дейді. Біздің келешек жастарға артатын сеніміміз өте мол. Нұрсауле апайымызға рақмет, жетімдер үйінен балаларды алып келіп, көрсетіп, билетіп жатыр. Мұның бәрі керемет, жақсы дүние. Елбасымыздың 2019 жылғы жолдауына,  жастар жылы деуіне нағыз керек шара болып жатыр. Осылай елімізге мықты, патриот азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеуіміз керек.

П. Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...