ШҰҒЫЛ! БАДАМ ӨЗЕНІНЕН ЖАСӨСПІРІМ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ Толығырақ

РОМАН ГРИГОРЧУК «АСТАНАДАН» КЕТТІ

12:38, 14 қаңтар 2020

Кезек спорт жаңалықтарында. «Астана» футбол клубы екі жақтың келісімі бойынша Роман Григорчукпен келісімшартын тоқтатты. Ал, Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов жақын арада UFC ұйымымен келісімшартқа отырады. Спорт топтамасында толығырақ.

«Астана» футбол клубы екі жақтың келісімі бойынша Роман Григорчукпен келісімшартын тоқтатты.  Украиналық маман «Астана» футбол клубына 2018 жылы келген. Бірақ алғашқы маусымда отбасылық жағдайына байланысты клубтан уақытша кетуге мәжбүр болды. 2019 жылдың қаңтарында жұмысына қайта кірісті. Өткен маусымда Григорчук «Астанамен» суперкубокты және ел біріншілігін жеңді. Елордалық команданы Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жеткізді.Бас бапкердің көмекшілері Михаил Савка, Анатолий Коротя және Андрей Глущенколарда қызметтерінен кетті. «Астана» футбол клубы ресми сайтында украиналық бапкерге атқарған қызметі үшін рахмет айтып, бапкерлік мансабында сәттілік тіледі. Өз кезегінде Роман Григорчук жанкүйерлерді, футболшыларды, барлық бірге қызмет атқарған адамдарына алғыс айтты. Ең есте қалған сәті ретінде БАТЭ-ге қарсы өткізген ойынды атап өтті 

 ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ ЖАҚЫН АРАДА UFC-ДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов жақын арада UFC ұйымымен келісімшартқа отырады. Қазіргі кезде келіссөздердің соңғы кезеңі өтуде», - деді ресейлік спорт журналисі Игорь Лазорин өзінің телеграм-каналында. Егер америкалық промоушенмен келіссөздер сәтті өтетін болса, Жалғас UFC-дегі екінші қазақстандық болады. Бірінші қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов.

Нұрсұлтан   Әбдірашит                 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
13:20, 1 маусым 2020
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
Толығырақ...