ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, ДИЗАЙНЕРЛЕР КӨЗІМЕН

12:18, 7 ақпан 2020

Мардан Сапарбаев атындағы институт студенттері Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру"мақаласына үн қосты. Оқу ордасының «Дизайн» кафедрасының шәкірттері бұл бағдарлама ұлттық сананы жаңғыртуға арналған негізгі жол, деп біледі. Болашақ дизайнерлер институт қабырғасында алған білімдерін архитектура, құрылыс, сән саласын ұлттық құндылықтарымызбен сабақтастырмақ ниетте.

Мардан Сапарбаев атындағы институттың «Дизайн» кафедрасы 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Осы аралықта талай шәкір түлеп ұшты. Білім ордасында білікті де тәжірибелі мамандар дәріс оқиды. Олар студенттерге заманауи технология мен өзгеше ұлттық нақыштағы дизан үлгісін үйретуде.  Қазір мұнда 200-ге жуық студент осы мамандық бойынша білім нәрімен сусындауда. Олар жыл сайын өтетін түрлі байқауларға қатысып,  ұлттық өнерімізді өз салалары бойынша дәріптеп жүр.

Егемберді Теңізбаев – М.Сапарбаев атындағы институттың есептеуіш техника және дизайн  кафедрасының меңгерушісі

Аружан Ерман «Дизайн» кафедрасының екінші курс студенті. Осы мамандықа бала кезінен қызығушылық болғанын айтады.  Аружанның айтуынша Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы өзіне үлкен серпін берген. Жас өрен болашақта ата-бабамыздан қалған мұраны заман талабына сай етіп, ұлттық сананы жаңғырту жолында үлес қосуды  алдына мақсат етіп қойыпты.

Аружан Ерман – студент

Түркістан мен Шымкент қаласы жаңа тарихи кезеңге жолдама алды. Екі үлкен қала қазіргі таңда үлкен құрылыс алаңына айналып отыр. Болашақ мамандар сол жерлердегі құрылыстар мен түрлі сәулет үлгісін заманауи мәдениетті «Рухани жаңғыру» құндылықтарымен үйлестіруді көздейді.

Нұрсұлтан Әбдірашит 


 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:23, 30 қазан 2020
БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...