ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР КІМГЕ БАҒЫТТАЛҒАН? Толығырақ

РЫСҚҰЛОВ ҰЛТ АЗАТТЫҒЫ ҮШІН ЖАНЫН ҚИДЫ

20:01, 12 желтоқсан 2019

Аз ұлттарға озбырлық қылған тоталитарлық жүйеден ықпай халқының қамын жеген. Қылышынан қан тамған Сталиннің қаһарынан қаймықпай өз ойын жүзеге асырған. Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай шымкентте өткен ғылыми конференцияда дара тұлғаның ерен еңбегі мен ерлігі әңгімеге арқау болды.

Ел тәуелсіздігінің 28 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған ғылыми жиында  Қазақ елін бодандықтан азат еткісі келген тұлғаның саяси қызметі  кеңінен дәріптелді.  Республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын қалыптастыру және дамыту жөніндегі Тұрар Рысқұловтың рөлі мен орны екшеленді.  ХХ ғасырдағы  қазақ интеллегенциясының көзқарастарында тәуелсіздік үшін күрес және Түркістанның саяси дамуының маңыздылығы айтылды.  Қазақстан мен Орталық Азияның , Түркі әлемінің құндылықтары бойынша жаңа ғылыми зерттеулер таныстырылды.

Зауытбек Тұрысбеков – «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» Халықаралық ұйым төрағасының бірінші орынбасары

Рысқұловқа бас иіу керек. 25 жасында Түркістанды билеген. Кейін Мәскеуге барып қыруар еңбек еткен. Монғолияға барып конституциясын жазып берген. Моңғолдар Тұрардың атын естігенде асын жерге қояды. ТуркСибді соғуға үлес қосқан.

Тарихи деректермен дәйектелген еңбектерде Тұрар Рысқұловтың индустриалды және  әлеуметтік-экономикалық, саяси , рухани дамуындағы идеялары көрініс тапқан. Еуразиялық кеңістіктегі жаңа бағыттарды зерттеу «Туған жер», «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тақырыбында дайындалған.

Дария Қожамжарова – Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

Бүгінгі біздің ғылыми практикалық конференцияның мақсаты Тұрардың өміріне тағы бір тоқталу. Қазақстанның негізін салған совнаркомда болған Сталиннің қасында 11 жыл орынбасар болған тұлғаның елге еткен еңбегін паш ету.

Конференцияға келген тарихшылар ғалымдар  дара тұлғаны тағыда жаңа қырынан танытты. Ал, зиялы қауым өкілдері мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірі өскелең ұрпаққа өнеге екендігін жеткізді. Жиынға арнайы Ресейден келген Тұрар Рысқұловтың немересі Владимир Рыскулов өзінің жеке зерттеу жұмыстарын таныстырды. Осылайша дарабоздың өмір жолы тағыда жаңа деректермен толықты.

К. Дүйсенбі


 

Тақырып бойынша материалдар

ПРОКУРОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫМЕН 585 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ
19:48, 17 қаңтар 2020
ПРОКУРОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫМЕН 585 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ПОЭЗИЯ КҮНІ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНА АРНАЛДЫ
19:47, 17 қаңтар 2020
ПОЭЗИЯ КҮНІ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНА АРНАЛДЫ
Толығырақ...
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТТЕ  СТОМАТОЛОГИЯ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ
14:01, 14 қаңтар 2020
УНИВЕРСИТЕТТЕ СТОМАТОЛОГИЯ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАРА БЕРУГЕ ТЫРЫСҚАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ
13:39, 13 қаңтар 2020
ПАРА БЕРУГЕ ТЫРЫСҚАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...