ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

САДАҚ АТУДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

14:03, 6 қыркүйек 2019

Қажымұқан атындағы орталық стадионда садақ атудан мықтылар арасында ҚР чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің 8 өңірінен 100-ден астам спортшы келді. Мақсат- ұлттық құрамаға жас өрендерді іріктеу болып отыр.

Жастар арасында өтіп отырған бұл жарыс 15 жылдан соң қайта жаңғырып отыр. Осыған дейін Ел кубогі деген атаумен өткен жарыс биыл мықтылар арасында ҚР чемпионаты деген атаумен бастау алып отыр. Дүбірлі додаға Астана, Ақмола облысы, Алматы облысы,Батыс Қазақстан облысы, Павлодар, Түркістан, Шымкенттен барлығы 100- ден астам спортшы қатысып өзара үздіктерін анықтауда. 

Еділ Темірбеков – Садақ атудан Ұлттық олимпиада комитетінің команда басшысы

Айдана Мұхтарханова садақ атудан  спорт шебері. Бұл спорт түрімен 4 жылдан бері айналысады. Шымкент командасының намысын қорғап отырған спортшының жеткен жетістіктері де бір төбе. Атап айтар  болсақ, Батуми, Тбилиси қалаларында өткен жарыстарда алтынсыз қайтпаған. Сондай-ақ, Аргентина да өткен әлем чемпионатында да өнер көрсеткен. Бұл жарыста алтын алатынына сенімді екенін жеткізді.

Айдана Мұхтарханова – жарысқа қатысушы

 Садақ атудан мықтылар арасында ҚР чемпионаты бір аптаға жоспарланған. Келесі апта жарыс нәтижелері белгілі болады.

Нұрсұлтан   Әбдірашит                

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...