
Жетісай ауданындағы орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың қорытындысын жариялады. Нәтижесінде, елімізде үш саяси партия заңда көрсетілген жеті пайыздық межеге қол жеткізді. Осы орайда жеңіске жеткен Нұр Отан партиясы Жетісай аудандық филиалында арнайы жиын өткізді.
Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 4 саяси партия сайлауға қатысу үшін өтініш берген. Соның ішінде Нұр Отан партиясы өзге партияластардан оза шауып, халықтың 81 % дауысына ие болды. Жалпы, Жетісай ауданында сайлаушылардың жалпы саны 103756-ы адамды құрап, оның 68212-і сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Жиын барысында Жетісай қаласының әкімі жеңіс тұғырынан көрінген партиясы мүшелеріне сәттілік тіледі.
Тұрышбек Елшібаев - Жетісай қаласының әкімі
Барлықтарыңызды Нұр Отан партиясынның жеңісімен құттықтаймын.Кеше ғана өздеріңізге белгілі Елбасы Н.Ә: Назарбаев атқарған жұмыстан қарағанда, атқаратын жұмыс көп деп айтқан болатын. Міне президентіміз Қ.Ж.Тоқаев кеше өзінің жолдауында да айтып айтып жатыр. алдына көптеген мақсаттар қойып жатыр. Осының барлығы Нұр Отан партиясының басшылығында орындалатын мәселе. Алдағы уақытта Нұр Отан партиясы таңдаған депуттатар халыққа аянбай қызмет жасайтынына сенемін. Өйткені халық дауысты сенім артып беріп отыр.