ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙЫ

17:43, 25 наурыз 2019

Наурыз тойын Сайрамдықтар да тойлады. Бұл жылы Ұлыстың ұлы күні орталық саябақта өткен.

Биыл Наурыз тойына жиналған халық қарасы бұрынғы жылдардан көбірек. Бас алаңға киіз үйлер тігіліп, әр халықтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайылған. Наурыздың басты символы – наурыз көже де мол.  Салтанатты жиынға келген тұрғындарды аудан әкімі мерекемен құттықтады.

Бақтияр Мамаев – Сайрам ауданының әкімі

 Құрметті аудан тұрғындар! Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз құтты болсын! Бұлмерекенің еліміз үшін маңызы зор. Өйткені, көп ұлт пен ұлысқа пана болған еліміздің ынтымағы мен берекесін көрсететін мейрам.

Ұлы той аудандық мәдениет ұжымдарының мерекелік қойылымына ұласты. Келген қонақтар дән риза. Төс қағыстыра көрісіп, бірін-бірі Ұлыстың ұлы күнімен құттықтауда. Осы күні аудан азаматтары да елге молшылық пен береке тілейді.

 Молдияр Оразалиев – Сайрам ауданының Құрметті азаматы

Тарихи сәтпен қатар келіп отырған наурыз мерекесі баршаңызға құттыболсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Д.Нахыпбек

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...